Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңге Тәуелсіздік келбеті

14 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Теңге Тәуелсіздік келбеті
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың ұлттық валюта – теңге туралы білімдері кеңейеді, Қазақстанның азаматы деген патриоттық сезімдері одан әрі жанданады.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, кестелер, ұпай беру үшін ақшалар қолданылады.
Эпиграф:«Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің баюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев).

Сабақтың барысы
Шара сайыс түрінде өтеді
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, оқушылар!
«Теңге Тәуелсіздік келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

1 - жүргізуші:
Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сайысымызды бастайық.
• Сынып 4 топқа бөлінеді.

І бөлім: Тарихи толғау
1 - жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.

2 - жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII - IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монеталары айналыста болды.

1 - жүргізуші: XVI - XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда - саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

1 - тапсырма: Әр топқа таратпа қағаз таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтаңдар

дұрыс
бұрыс
1. Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2. Ақша – халық байлығы.
3. Теңгеде 6 - ға жуық құпия белгі бар.
4. Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6. Тиыннан теңге құралады.
7. Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.

2 - жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27 - сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл - Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1 - жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

2 - тапсырма: Сұрақ - жауап сайысы
Сайысымыздың «Кім жүйрік?» атты әр топтан 1 минуттың ішінде 6 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Қазақстан Республикасының валютасы - Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы - Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа теңге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4. Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі - Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы - Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика
8. Армения валютасы - Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер
10. Мемлекеттік банк шығаратын, айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер - Банкнот
11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу - Транзит
12. Монғолия валютасы - Тугрик
13. ҚР ең алғаш астанасы - Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
14. Үндістан валютасы - Рупии
15. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды - V ғасырда ежелгі Грецияда
16. Кез - келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар - Ақша
17. Грузия валютасын ата - Лари
18. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы - Инвестиция
19. Англияның ақшасы - евро
20. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы - 1доллар - 370 теңге
21. Экономиканың күре тамыры - жол
22. Ұлттық банк төрағасы кім? - Акишев А
23. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ. Ғабжалилов, М. Әлін, А. Дүзелханов
24. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл - Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан

2 - жүргізуші: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

3 - тапсырма: Жағдаяттар шешу.
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
1 - топ:
1 - жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі. жыртық. Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр. Сенің іс - әрекетің…

Астана қаласы, № 59 мектеп лицейі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Абуова Ардақ
Теңге Тәуелсіздік келбеті жүктеу
11 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
15 қараша – Ұлттық валюта күні
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Тиыннан теңге құралады, - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар? (Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Ұлттық теңге мәртебесі
Ұлттық теңге мәртебесі
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Теңге – тәуелсіздік символы (танымдық сабақ)
Теңге – тәуелсіздік символы (танымдық сабақ)
Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Ұлттық теңге туралы мәлімет
Ұлттық теңге туралы мәлімет
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту
Теңге - тәуелсіз экономиканың темірқазығы
Теңге - тәуелсіз экономиканың темірқазығы
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×