Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктемде. Етістікті қайталау

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Сабақтың жоспары.
Қазақ тілі 5 - класс
Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Етістікті қайталау.

Сабақтың мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу. Етістікті қайталау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: тілдік қарым - қатынасқа сәйкес негізделген лексика - грамматикалық минимумдар арқылы аталған тақырып төңірегінде қазақша өз ойын дұрыс, түсінікті жеткізу, сауатты жазу.
2. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, аялап сүйе білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: тілдік лексикасын байыту, дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін, ой - өрісін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Әртүрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, ассоциация құру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылым.
Түрі: білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдеп, дүниетану.
Көрнекілік: презентация, кесте, сюжетті суреттер, кеспелер, бейнесюжет, оқулық.
Ұйымдастыру формасы: жұппен, топпен, жеке жұмыс.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. 1. Амандасу. Түгендеу.
1. 2. Тіл дамыту кезеңі.
1. 3. Релаксация.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
2. 1. Сұрақ - жауап.
2. 2. Мәтін мазмұны.
2. 3. Ережелерді сұрау.
ІІІ. Жаңа толқында.
3. 1. Ой қозғау.
3. 2. Сөзжұмбақ «Көктемде».
3. 3. Мәтінмен жұмыс.
ІҮ. Бекіту.
4. 1. Ойланайық, орындайық! Өздік жұмыс.
4. 2. «Балдырған қоржыны» ойыны.
4. 3. «Әріпті табыңдар» ойыны.
4. 4. Шығармашылық жұмыс.
4. 5. «Иә», «Жоқ» стратегиясы.
4. 6. Ойын «Ағаштың үш жапырағы».
4. 7. Ой шақыру.
Ү. Сабақты қорытындылау.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Түгендеу.
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық, дәптер, қалам, сөздік дәптер).

Тіл дамыту кезеңі.
Сабаққа назарын аудару.
- Қазір қай сабақ?
- Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Бүгін нешесі?
- Бүгін ауа райы қандай?

Релаксация.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«5» - ке қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтін мазмұнын сұрау.
Сұрақ - жауап өткізу.
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Әр жыл мезгілінде ауа райы не істейді?
3. Қыс айлары.
4. Жаз айларын ата.
5. Күз айлары.
6. Көктем мезгілінің айларын ата.
7. Көктемде қандай мерекелер бар?
8. Көктемде ауа райы қандай болады?
Ережелерді қайталау.
1) Етістік деген не?
2) Қандай сұраққа жауап береді?
3) Етістік түрлері.
4) Етістіктің қанша шағы бар?
ІІІ. Жаңа толқында. Сабақтың негізгі кезеңі.
Ой қозғау.
Қызығушылықты ояту.
Ассоциациялық карта.
Бұл қай кезде болады?
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?
Мұғалім: - Дұрыс, көктемде.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
- Балалар, бүгін біз көктем туралы әңгімелесеміз, етістікті қайталаймыз.
- Балалар, көктем дегенде ойымызға қандай сөздер түседі?
Сурет салуға да болады, жазуға да болады.
Кластер жасалады.
КӨКТЕМ
Сөзжұмбақ «Көктемде»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістікті пысықтау
Етістікті пысықтау
Оқушылардың етістік туралы ұғымдарын пысықтай отырып, өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту; Оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау. Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның астанасы
Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым-қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сұлтан Калиев Етістіктің шақтары
Сұлтан Калиев Етістіктің шақтары
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Көктем
Көктем
Жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу.
Етістікті  қайталау
Етістікті қайталау
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі Білімділік: Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін тексеру, толықтырып пысықтай түсу. Сөйлем ішінен етістікті табуға, сұрақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×