Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, құстардың дыбысы жазылған магнитофон кассетасы.
Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері: Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың қайырымды Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарыт бар әлемді жарылқа!
«Қонжық» ойыны

Мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Тәрбиеші:
- Балалар, біз өткенде аюды мақтап едік енді қожыққа жақсы сөздер айтайықшы.
Балалар қожықты өздері білетін жақсы сөздермен еркелетеді.
(Томпағым, ақылдым, ең адал досым, мейірімді қонжығым)
Өткен тақырыпты еске түсіріп, бекіту (сурет бойынша)

Тәрбиеші:
- Дос қандай болу керек? Сендердің достарың кімдер? Достарың туралы не айта аласыңдар? Өз досың туралы әңгіме айт.
Сергіту жаттығуы:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.
Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз
Тәрбиеші:
Балалар, бүгін біз жыл мезгілдері туралы, оның ішінде Көктем мезгілі туралы әңгімелейміз. Қане көктем туралы кім не айтады?
Балалар:
Көктемде қар ериді, ағаштар бүршік жарады.
Сурет бойынша әңгіме:
Мына суреттен нені көріп тұрмыз?
- Көктемде жердің түсі қандай болады екен?
- Суретте тағы нені байқадыңдар?
- Балалар, құстарға қандай көмек көрсетуге болады?
- Ал енді, балалар, біз бүгін ақын Төлеген Айбергенов ағаның «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Тәрбиеші құстардың дыбысы жазылған кассетаны қосып, мәнеріне келтіріп баяу «Көктем» өлеңін оқып береді. Балалар тәрбиешіден соң өлеңді қайталап оқып отырады.

Көктем
Көңілді көктем далаға
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала.
Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады.
Ойынның барысы:
Балалар парта үстіне бастарын қойып жатады, «күн» дегенде бастарын көтереді, «түн» дегенде бастарын партаға қойып көздерін жұмады. Қателескен бала ойыннан шығарылады.

Бекіту сұрақтары:
- Сонымен, қандай жыл мезгілдерін білеміз?
- Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?
- Біз танысқан өлеңді кім жазған?
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Тәрбиеші: Қолымыздағы қағаздан көктемде өсетін шөптерді қиып алып жапсырамыз.
Ұзынша етіп сұр қағаздан қолымызбен қиып аламыз да, қағаздың төменге бетіне жапсырамыз. Сосын жасыл қағаздан жолақшаларды қолымызбен қиып, жердің үстіне жапсырамыз, сосын сары түстен күн қиып алып, ақ қағаздың жоғарғы жағына жапсырамыз, сонымен біз көктемді қағаздан бейнеледік. Суретті үйден жалғастыруға болады.
Балаларды мадақтау, алғыс білдіру.
21 624
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Үрмебұршақты отырғызу
Үрмебұршақты отырғызу
Балалар сендер білесіңдер мен егін еккенді жақсы көремін. Сонымен қатар менің ертегімде үлкен шалқанды өсіріп қызығына бөленгенімді де білесіңдер. Сондықтан мен бүгін сендермен бірге үрмебұршақ отырғызғым келіп тұр. Менің сиқырлы қорапшамда
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×