Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы

14 қараша 2014, Жұма
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ 9 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Сабақтың мақсаты: білімділік - Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы туралы толығырақ мағлұмат алады;
дамытушылық - оқушылар жүйелі ойлауға, ойын жүйелі жеткізуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады;
тәрбиелік – ұлтжандыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:
1. А - 3 парағы
2. Стикерлер
3. Оқулық
4. Интерактивті тақта
5. Жетондар
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау
1. Сергіту сәті
2. Сыныпты топқа бөлу. Өлең жолдары бойынша топқа бөлу.
3. Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.

І. Қызығушылықты ояту»
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы. Оқушылардың қаламсаптарын ортаға жинатып, мұғалім ортадағы қаламды таңдау арқылы сұрақ қояды.
1. Қазақ тілі түркі тілдер отбасындағы қай топқа жатады? Қай тілдермен жақын ( туыстығы жағынан татар, башқұрт, қарашай, ноғай, қарақалпақ)
2. Сөйлескенде қандай халықтар бір - бірін түсінеді?
3. Ұлтық тілді нешеге бөлеміз?( ауызша және жазбаша)
4. Тастағы жазу қалай аталады?(бітіг таш )
5. Қандай ескерткіштерді білеміз? (Орхон – Енесей ескерткіштері)
6. «Рун» дегеніміз не? (Құпия)
Топтағы оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану. 15 мин
Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға 5 минут уақыт
Топтастыру
Күлтегін

Ұлт болуға тікелей қатысты
Қарым қатынас құралы
Қарақалпақ тіліне жатады
Тоныкөк
Білгеқаған
М. Қашғари «Диуани лұғат ат түрік»
А. Иасауи «Диуани хикмет»
Ж. Баласағұн «Құдатғу білік»

Оқушылар осы мәселе туралы не білетіндерін ойланады және жеке жазып шығады, жұппен топпен талқылап, ортақ шешімдерін ұсынады жазады.

ІІІ. Ой толғаныс
(13 мин)
7 - жаттығу
І топқа: құпия жазулардың кілтін ашуға үлес қосқан ғалымдарды атап, тізбектеп жазу
ІІ топқа: В. Томсонның құпияны ашудың кілтін қалай тапты, санамалап айтыңдар
ІІІ топқа: Мәтіннен зат есімдерді табу

9 - жаттығу
І топ: Ұлтжандылық сөзінің синонимін табыңдар
ІІ топ: Алпамса сөзі қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар
ІІІ топ: Жәдігер сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.

Үйге тапсырмасын беру
10 - жаттығуды орындау тапсырылады.

Бағалау
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс -«3», сары түс -«4», жасыл түс -«5»
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.
6 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі
Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі
Ұлттық тіл тарихының қалыптасу жолымен және ұлы ғалым А. Байтұрсынұлы негізін қалаған төте жазу жүйесі ерекшеліктерімен танысу, оның тарихи маңызын ұғыну
Нағыз қазақ – домбыра
Нағыз қазақ – домбыра
Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін, оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп, төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Олжас Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңі
Олжас Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қонысбаева Гүлназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×