Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңі

11 қазан 2012, Бейсенбі
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов
атындағы аудан. Тоқсан би ауылы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы

Қазақ әдебиеті, 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімдік: Мағжан ақынның өмірімен, шығармашылығымен, қоғамдық қызметімен таныстыра отырып, «Сен сұлу»өлеңіне әдеби - теориялық талдау жасату;
Тәрбиелік: ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, өлең мазмұны арқылы ішкі дүниесі сұлу әрі бай, жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу, әдемілік пен әсемдікке баулу;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру, жалпы қабілеттілікті дамыту, көркем ойлауды қалыптастыру;

Мақсаты: М.Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Сен сұлу» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:
• Мағжан ақынның портреті;
• Шығармалар жинағы;
• слайдтар;
• видеофильм «Ш.Қалдаяқовтың «Сен сұлу» әні»;
• Шығу парағы;
• Топтық бағалау қағазы.
Сабақтың түрі: топтық сайыс түріндегі семинар.
Әдіс-тәсілдер:сөздік, жаттығу, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлатып, сабаққа назар аудартамын.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіремін.
2.Өткен сабақты сұрап, бекіту.
а/ Ж.Аймауытовтың «Әнші»әңгімесіндегі әншіге мінездеме беру./Дәптерден оқып береді/
ә/ Өткен сабақты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беру:
1. Ж.Аймауытов қай жылдары өмір сүрді?
2. Жүсіпбек ақын, жазушы, драматург, әнші, журналист, публицист, сазгер, ғалым және қандай қыры айтылмай қалды?
3. «Әнші» әңгімесінің негізгі кейіпкері Әмірқанның прототипі кім?
4. «Сыңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей» деген жолдардағы соңғы сөз қандай әдеби әдіспен жасалған?
5. Әмірқанның жақын адамдарын ата.
6. Әмірқанның ұстазы әрі пір тұтқан әншісі кім?
7. Жүсіпбектің қандай көлемді шығармаларын білесіңдер?
8. Жазушы Ж.Аймауытов қай жерде дүниеге келген?

3. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Слайдтар арқылы қысқаша өмірбаяны беріледі.
М.Жұмабаевтың қазақ әдебиетіндегі жарық жұлдыз екенін, ол туралы М.Әуезовтің «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі» дегенін айта келіп, өмірі мен шығармашылығына шолу жасаймын.Оқушылардан ақын туралы не білетіндерін сұрап, лирикасына талдау жасата отырып, өлеңдерін мәнерлеп оқытамын.

Жаңа сабақты игертуге арналған сұрақтар:
1. М.Жұмабаев қай жерде дүниеге келген?
2. Қай жерлерден білім алған?
3. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары қандай?
4. Ақынның қандай лирикаларын білесіңдер?
5. Оның қандай поэмалары бар?
6. Қай шығармалары арқылы ақынды ұлтжанды ақын дейміз?

4. Жаңа сабақты бекітуге арналған жұмыстар.
Төменгі сыныптарда жаттаған ақын өлеңдерін жатқа айту.
Сондай керемет туындыларының бірі «Сен сұлу» өлеңімен бүгін танысқалы отырмыз.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлеңді талдауға арналған сұрақтар:
1. Өлеңде не туралы айтылған?
2. Ақын өлеңді қандай көңіл күйімен жазған деп ойлайсыңдар?
3. Мағжан ақын сұлулықты қайдан тауып отыр?
4. Ақын «сұлу» деген сөзді неліктен қайталаған?Ұйқас үшін бе әлде өлең мағынасын ашу үшін керек пе?
5. Сендер қандай адамды сұлу деп есептейсіңдер?

Пікір алмасу сұрақтары:
• «Сұлу -сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалдың мағынасын түсіндір.
• Адамның сұлулығы неден байқалады?
• Сұлулық пен әдеміліктің символы нелер деп білесіңдер?
• Ішкі және сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сұлулық жайлы қандай мақал- мәтел, нақыл сөздер білесіңдер?
Бұдан кейін оқушылар өлеңнің құрылысына әдеби талдау жасайды.Дәптерлеріне өлеңнің тақырыбы мен идеясы, көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәні туралы талдау түйінін жазады.

5.Жаңа сабақты қорытындылау.
• Ш.Қалдаяқовтың «Сен сұлу»әнінің желісімен жасалған видеофильмді көрсетемін.Оның шығу тарихы мен бүгінгі өлеңнің арасында терең байланыс барын айтып, әңгімелеп беремін.
• Екі топқа сұлу қыз бен жігіттің бейнесін бойынша топтастыру стратегиясы бойынша қажетті қасиеттерін жазу тапсырылады.
• Мұғалімнің қорытынды сөзі:бағалау қағазындағы топтардың бағаларын, оқушылардың жеке жауаптарының бағаларын хабарлау.
• Екі топ «Шығу парағын» толтырып, сабаққа өз пікірлерін айтады.
• Үйге тапсырма беру: «Сен сұлу»өлеңін жаттау.
Бағалау қағазы
26 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
Мағжан атамның рухымен сырласа отырып, оның ұлттық құндылық екенін, қазіргі заман жастарына маңыздылығы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×