Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»

19 желтоқсан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мақсаты
білімділік: Мәтіннен негізгі ойды айқындау, поэмадан кейіпкерді дұрыс тауып талдауға, ақынның сөз қолданысын өздігінен түсіндіруге икемдеу, мәнерлеп, сауатты оқи білуге негіздеу, ақынның тіл шеберлігін оқушылардың талдау жұмыстары арқылы таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін көтеру, ойлау қабілеттерін белсенділіктерін, ой - өрістерін арттыру, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту, мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен мазмұнды айта білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Ел мен жерді қорғау, адал қызмет етуге баулу, оқушылардың елжандық, ұлтшылдық сезімдерін ояту, әсемдікке қызықтыру, табиғатты, жерді, халқын сүюге, жырдағы көтерген проблеманың бүгінгі күнде маңыздылығын аша отырып мәдениетті қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өздігінен меңгеру.
Формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Әдісі: баяндау, ойлау, көрнекілік, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: тарих, теледидар, бейнелеу, география.
Көрнекіліктер: Мағжанның портреті, шығармалар жинағы, Көкшетау суреттері, сызба кесте, «Қазақ және әлем әдебиеті» журналы №5, 2006 жыл, 31 - 32 бет, №6, 2004 жыл, 6, 7, 8 беттер, дайындалған баяндамалар.
І Себепті этап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А ) амандасу, түгендеу
Ә) назарларын сабаққа аудару
Б) сыныптың дайындығын қадағалау.
ІІ Себепті этап
І – Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып, мазмұнын айту тапсырылған болатын.
- Ал, барлығын да оқып келген шығарсыңдар
- өз беттеріңмен ұнаған жерін жаттағандарың бар ма?
Мәнерлеп үзінді оқу.
- Жақсы рахмет

ІІ Сабақты өздігінен меңгертуге арналған жұмыстар:
- Енді сабақта дастанды қалай меңгергендеріңді тексеру үшін мынадай тапсырма түрлерін орындайық.
1 тапсырма: топтық жұмыстар жасау.
І топ Шығарманы композициялық құрылысына талдау
ІІ топ Модульге түсіру
ІІІ топ Логикалық модельдеу
2 тапсырма: Сурет бойынша жұмыс (үзіндімен дәлелдеу)
І топ Қалмақ қызы
ІІ топ Баян мен Ноян
ІІІ Батырлардың бас қосуы
3 тапсырма: Шығарма кестесі сызбасын толтыру (әр оқушы жеке)
4 тапсырма: Өлең құрылысына талдау.
әр топқа (шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, троп түрлері)
5 тапсырма: Проблемалық сұрақ (ұжымдық талқы )
1. Баянның Ноянды өлтірудегі себебі не?
2. Баянның орнында өзің болсаң не істер едің?
6 тапсырма: Кинофильммен салыстыру ұқсастық, айырмашылықтарын таба білу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 737
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Батыр Баян поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу
Батыр Баян - батырлық баян
Батыр Баян - батырлық баян
Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Поэмадағы Абылай, Баян, Ноян бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдап, оларға екі түрлі көзқараста баға бергізу
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×