Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тілді білу – парыз

22 қараша 2011, Сейсенбі

Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Деңгей: Бастауыш деңгей.
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілді білу – парыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мемлекеттік тілді білу әр адамның парызы жайлы жайлы жалпы түсінік беріп, мәтіннің басты маңыздысын белгілеп, тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу, жаттығулар арқылы сөздік қорын байыту.
Дамытушылығы: грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, тыңдаушылардың дүние танымын кеңейту.
Тәрбиелігі: қазақша сөздерді дұрыс айтуға, сұрақ қоя білуге, толық жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: - Сәлемдесу.
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
-Қал-жағдай сұрасу
-Үй тапсырмасы.
*Жаңа сабақ
Оқылым
*Жаңа сөздер

Тіл

Язык

Мемлекеттік тіл

Государственный язык

меңгеру

владеть

Сөйлеу

говорить

қабылдады

приняли

парыз

долг

Ел

народ

өмір сүреді

проживает



2- тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құраңыздар.
Мысалы: ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі т.б.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

3-тапсырма. Есіңізде сақтаңыз!
Синоним сөздерді топтап жазыңыз.
Халық, өмір, тұрады, меңгеру, жұрт, парыз, ел, игеру, есептеу, борыш, санау, ұлт, міндет, тіршілік, өмір сүреді.

Тыңдаңыздар, қайталаңыздар.
Тіл – халықтың жаны, сәні. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді. Тіл бар жерде, халық бар. Тілін білмеген, түбін білмейді. Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін.

4-тапсырма.
Тіл туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.
1.Тіл – көңілдің кілті.
2.Ең тәтті де – тіл
Ең ащы да – тіл
Ең жұмсақ та – тіл
Ең қатты да – тіл
3.Өнер алды- қызыл тіл т.б.

Сөйлесім

ҚР мемлекеттік тілі –қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Ал 1997 жылы 11 шілдеде жаңа заң өңделіп, толықтыылып қайта қабылданды. Жаңа Заң 6 тараудан тұрады. 1 – тараудан жалпы ережелер берілген. Қазақ тілін меңгеру Қазақстанда тұратын әр азаматтың міндеті.
5-тапсырма.
Сөйлем құрастырыңыз.
1.Өмір, әрбір, тіл, адамға, бойы, керек.
2.Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы.
3.Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды.

6-тапсырма.
1. Аты-жөніңіз кім?
2. Жасыңыз нешеде?
3. Ұлтың кім?
4. Сіздің ана тіліңіз қай тіл?
5. Мемлекеттік тілде сөйлей аласыз ба?

7-тапсырма.
Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, қажетті қосымшаны жалғаңыздар.
Тіл – (человек) көкке көтереді, тіл арқылы ел (счастье) жетеді. Ана тілі ұмытқан адам өз (народ) өткенінен де, (будущий) да қол үзеді.
Қазақтар әдемі, әрі шешен сөйлеудің үлкен (мастер).

*Қорытынды.
Бүгін сіздермен Мемлекеттік тілді білу – парыз атты мәтін жайында бірнеше тапсырмалар орындадық.
Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекітемін.
*Үй жұмысы

1. Жаңа сөздерді жаттау. «Мемлекеттік тілді білу-парыз» тақырыбында эссе жаз.

7 296
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Тілді үйрену – өмір талабы. Сан есім
Тілді үйрену – өмір талабы. Сан есім
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді. Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Көп тіл білген адамды полиглот деп атайды.
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тоғасбаева Қаламқас Қалибекқызы
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы, Күлетов атындағы № 92 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Избастова Алия Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×