Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы демалыс. Сын есім

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Қазақ тілі 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалыс. Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан - жақты мәлімет бере отырып, сапалық және қатыстық сын есімді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, интерактивті. тақта, суреттер
Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, қысқы демалыс туралы әңгімелей білу
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Фонетикалық жаттығу. Жаңылтпаш.
Қыста
Күн қысқа
Күн қыста
Тым қысқа

III. Лексикалық жаттығу. Жыл мезгілдері. Қыс айлары. 84бет сұрақ - жауап
Грамматикалық жаттығу. Сын есімнен сұрақ - жауап жүргізу.

IV. Ассоциация ойыны «Қыс», «Қысқы демалыс»

V. Сөздікпен таныстыру: Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау
Демалыс - каникул
Өткіздім - проводил
Демалдым - отдохнул
Шана - санки
Шаңғы - лыжи
Тептім - катался

VI. Жұптық жұмыс. 88 бет 1 - тапсырма.
1. Сұхбатты оқу, аудару
2 Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру

Ережемен жұмыс. Сын есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді: 1. Сапалық сын есім: қызыл, қысқа, т. б. 2. Қатыстық сын есім: ақылсыз, бақытты, т. б

Деңгейлік тапсырмалар орындау. Мақсаты: Бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендерін тексеру.
ІІІ деңгей: 1. Демалыс сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде.
2. Сөздіктегі сөздермен сөйлем құра.

ІІ деңгей: 1. Мәтін бойынша сұхбат құра. 2.«Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.

І деңгей: Сын есімдерді пайдалана отырып, балалардың қысқы демалысы туралы айтып беріңдер.

V. Жаңа сабақты бекіту: Тапсырмалар орындау
1. Берілген сөздермен сөйлем құра:
2. Демалыс сөзін септе.
3. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап жаз: демалыс, шана, шаңғы

VII. Үй тапсырмасын беру: жаңа сөздерді жаттау, «Менің қысқы демалысым» тақырыбына әңгіме жазу, сұхбат құрастыру
VIII. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
IX. Рефлексия жүргізу. 1. Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?
11 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Бөлшектік сан есім. Саулық – байлық негізі
Бөлшектік сан есім. Саулық – байлық негізі
Бөлшекті сан есімдер туралы түсінік беру, мысалдармен дәлелдеу
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
- Сан есім дегеніміз не? - Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді? - Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер. - Реттік сан есім қалай жасалады? - Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×