Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

26 ақпан 2015, Бейсенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Етістік бойынша екінші сыныпта берілген білімді еске түсіру. Ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, оған қойылатын сұрақтар, етістіктің зат есіммен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту. Оқушыларға өнерді, өнер адамдарын бағалай біліп, ұлттық мәдениетті танып білуге ой салу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: М. Мақатаев портреті, «Туған жер» тақырыбына сурет, Алтын балық, парақшалар ережелер.
Сабақтың түрі: Өнеге - сабақ.

Сабақтың жүру барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі.
«Бүгін біздің сабақта, алтын балық қонақта»
- Балалар, халқымыздың, заманымыздың ғажайып ақындарымыздың бірі, ерен жылдың жаратушысы, ұлы тұлға, ұлы ақын Мұқағали Мақатаев 70 жасқа толды. Атамыздың құрметіне біз сабаққа «Алтын балықты» шақырдық.
- Жөнелдік біз көк теңізге
Жатыр теңіз жай демалып
Шақырдық біз «Алтын балық»
Келіп жетті ол қуанып.
- Не сұрайсың, балалар,- деді Балық.
- Балық тақсыр амансың ба?
Шақыруды құп алдың ба?
Сонау алыс теңізден
Жақсылықпен келе алдың ба?- деді.
Балық:
- Жөнеле бер балалар,
Тілегіңіз орындалар.
Міне, балалар бүгін бізде сабақта
«Алтын балық» қонақта.
«Алтын балық» сіздерге құр алақан келген жоқ, өздерің күткендей үлкен жаңалықпен, халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали аталардың туралы көптеген мәліметтер алып келді. Ол мәліметтермен «Алтын балық» сіздерді таныстырмас бұрын Зат есім туралы білетін білімдеріңізді ауызша тексерді.
1. Кітап - қандай зат есім?
2. Мұқағали - қандай зат есім?
3. Оқушы - қанда зат есім?
4. Доп - қандай зат есім?

Ребус шешу. «Етістік» (Жаздырамын)
- Етістік дегеніміз не?
- Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
- Қимыл іс - әрекетті білдіреді
- Мысал келтірейін. Мен не істедім?
- Асхат, тұра ғой. Асхат не істеді? Асхат тұрды.
- Дәрігер не істеді? Дәрігер емдеді
- Мұғалім не істеді? Мұғалім түсіндірді.
- Ақын не істеді? Ақын өлең жазды.
Сонымен қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөз табын етістік дейміз. Етістікке: не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. (ереже қолдану)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 975
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Алтын балық
Алтын балық
Ермексазды есу, шымшып созу және жалпақтау тәсілі арқылы балықты мүсіндеуді үйрету
Етістік 1 – 6 жаттығу
Етістік 1 – 6 жаттығу
Етістік туралы 2 - сыныпта берілген білімді еске түсіріп, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, оған қойылатын сұрақтар, етістіктің зат есіммен байланысы жөнінде берілген түсініктері кеңейеді.
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×