Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі (2 - сынып)

Тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой - өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, топтастыру.
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
351 - жаттығу
Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Ережені қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушы:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар:
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
Оқытушы:
- Дұрыс! Ал енді тақтаға қараңдаршы мына сөздердің қыс мезгілімен байланысы бар ма? (қар, аяз, боран).
Оқушылар: Иә, бар.
Оқытушы:
- Олай болса, осы сөздерді қатыстырып, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы.
Оқушылар:
- Қыста қар жауады. Аяз болады. Боран соғады.
Оқытушы:
- Жақсы балалар! Қар, аяз, боран сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен? (оқушылардың жауаптары)
- Ал өздеріңіз айтқан сөйлемдердегі жауады, болады, соғады сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
(оқушылардың жауаптары)
- Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Оқушылар:
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Оқытушы:
- Дұрыс, балалар! Бүгінгі сабақта ондай сөздер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз.
Тақтадағы суретке қарап, балалардың, әженің не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр? Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ағаш жарды. Гүл суарды. Қыз секірді. Әже ұршық иірді. Домбыра тартты.
(оқушылардың жауаптары)
- Дұрыс! Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
Дәптермен жұмыс.
(Күннің жады, тақырып, көркем жазу)
355 - жаттығу.
Жұмбақтарды оқу, шешуін табу.
Етістіктерді анықтау.
356 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
(Тақтаға жаздыру).
358 - жаттығу (ауызша талдау)
Сергіту сәті.
Оқытушы:
- Сабағымызды одан әр жалғастырамыз. Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Топ оқушылары бірігіп отырып орындайды. Бір оқушы жауап береді.
359 - жаттығу.
«Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрату.
Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.
Қорытынды:
- Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
- Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе..... Мысық.... Қой.... Балалар..... Қар....
(оқушылардың жауаптары)
Бағалау.
Үйге тапсырма:
20 441
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
381 - 384 жаттығу жұмыстары
381 - 384 жаттығу жұмыстары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Туған тілім өркенде!
Туған тілім өркенде!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Етістік
Етістік
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Сын есім
Сын есім
Ақмола облысы, Степногорск қаласы №2 Бестөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Анаргүл Көкешева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×