Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері

24 наурыз 2015, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері: қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше іздену қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, елін, жерін сүюге батырлық пен ерлікке тәрбиелеу. экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар, кесте карталар.
Пән аралық байланыс: әдебиет, музыка, табиғаттану.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу, сабаққа бағыттау).
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Жаттығуды тексеру. (бірін - бірі тексереді).
ІІ. Тестік тапсырмамен жұмыс.
(нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыс)

ІІІ. Кестелік тест.
Оқушылар өзіне қойылған бағаны бүкіл сабақ бойы жанындағы бағалау парақтарына түсіріп отырады.
Өткен сабақты бекіту.
Ойын «Алтын қақпа»
Қазір біз өткен сабақты қайталап, жаңа сабаққа көшу үшін 3 қақпаны ашуымыз керек.

«Тас қақпа»сұрағы ІІІ деңгей оқушыларына қойылады.
1. Көп нүктенің орнына қажет дауыстыны қой.
2. Әліпбиде неше әріп бар?
3. Тек қазақ тілінің сөздерінде ғана кездесетін дыбыстарды ата.

«Күміс қақпа» сұрағы ІІ деңгей оқушыларына қойылады.
1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата.
2. Дауысты дыбыс деген не?
3. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (У неге құбылмалы)
«Алтын қақпа» сұрағы келесі сабаққа жетелеу тапсырмаларынан тұрады. Сондықтан ол І деңгей оқушыларына қойылады.
1. Ізденіс тапсырмасы:
Еліміздегі қай өзендер әліпбидегі 8 - әріптен басталады?
2. Алфавиттегі бірінші әріп пен соңғысының алдындағы әріптен қандай сөз шығады?
3. Дауыссыз дыбыс қалай жасалады? Олар қалай бөлінеді?
Ойын нәтижесін бекіту, қақпаны ашу.
Жаңа сабаққа дайындық.
Үн - созылып шығады, өкпеден шыққан ауа кедергісіз шығады немесе кедергі аз болады.
Салдыр – дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге кездесіп, соқтығыс пайда болады.
Ұғымдарын таныстыру.
Өздеріне айтқызып көру.
Т, д Б, п С, з.

Жаңа сабақ.
Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шықса онда олар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Дауыссыздар:
Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у).
Олар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып 3 - ке бөлінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 589
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз р, л, ң (күнделікті сабақ жоспарлары)
Дауыссыз р, л, ң (күнделікті сабақ жоспарлары)
Дауыссыз р, л, ң дыбыстарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар саны - 25. Дауыссыз дыбыстар түрлері 3-еу қатаң, ұяң, үнді.
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з,
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Нуралина Гүлжан Хайроллаевна
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×