Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Әрі оқу, әрі ойын» сайысы

31 наурыз 2015, Сейсенбі
«Әрі оқу, әрі ойын» сайысы
5 - 6 сыныптарға арналған.

Мақсат: Оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Оқушылардың бойына адалдық, мейірімділік, достық қасиеттерін қалыптастыру.
Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс - шараның түрі: ойын - сайыстары
Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Түрі: топпен жұмыс
Көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
«Өнер алды - қызыл тіл», «Тіл – ұлттың жаны»,
«Өнерлі өрге жүзер»
«Қазақтың тілі – сұлу, қонымды да толымды тіл».
Іс - шараның барысы:
Жүргізуші: Адамның туғаннан кейінгі бүкіл өмірі тілмен тығыз байланысты. Нәресте сөйлей алмаса да, әжесінің ертегі сылдырын, анасының бесік жырын естиді.
Кейін өскесін ұстаздардың әңгімелерін естиді. Жүздеген кітап беттері арқылы көрмеген, естімеген нәрселерді біледі. Осылардың бәрі тіл арқылы жасалады, меңгеріледі.
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі.
Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы.
Бүгін біз қазақ тілінен өз білімдерімізді көрсетіп, сайысқа түсеміз.

Жүргізуші:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
I кезең «Сәлем – сөздің басы»
II кезең «Мәнерлеп оқу сайысы»
III кезең «Тапқыр болсаң - тауып көр»
ІV кезең «Сиқырлы сөз»
V кезең «Дана сөз»

І кезеңді бастайық.
I кезең - «Сәлем - сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
Бұл кезеңде тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
Жүргізуші:
ІІ кезең. Мәнерлеп оқу сайысы.
Әр топтан бір оқушы өздері білетін өлең шумақтарын жатқа мәнерлеп оқиды

1. - Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

2. Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп наурызым,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!

3. Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой – білімді.
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің мәнін терең білуді.

ІІІ кезең
Келесі сайыс - «Тапқыр болсаң - тауып көр», сұрақтарға жауап беру.
Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Қай топ бірінші көк жалауды көтерсе, сол топтың оқушысы жауап береді.

1. Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? (42 әріп)
2. Қазақ тілінде қандай жалғаулар бар? (көптік, тәуелдік, жіктік, септік)
3. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (үш: ашық, бітеу, тұйық)
4. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? ( әнұран ту, елтаңба)
5. Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз мемлекет)
6. Қазақ тіліне неше тән дыбыс бар? (тоғыз)
7. Әнұранның авторлары кім? (Н. А. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)
8. Елтаңбада не орналасқан?( шаңырақ, уық, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу)
9. Мемлекеттік мерекелерді ата.
10. Қазақ тіліндегі сөз таптарын ата.

ІV кезең «Сиқырлы сөз». Бұл «Метаграмма» бөлімі. Жұмбақтарды шешу.
Бұл кезеңде қай топ дұрыс жауап айтса 2 жұлдызша алады.

Бастапқым – тәтті шырын де,
Екіншім қатқан суым де.
Үшінші – белгі таңба де
Үшеуін қосып оқысаң,
Осыдан тәтті бар ма де.
(Бал - мұз - дақ)
«Ж» - дан бастап оқысаң,
Күнде алдынан кезігем.
«Ж» орнына «Қ» қойсаң,
Бір мүшемін өзіңе.
(жол - қол)
Екі жағым «Н» болса,
Қасиетті тамағыңмын.
Екі жағым «А» болса,
Ең қадірлі адамыңмын.
(нан - ана)
Егер «Т» - дан бастасаң,
Бар тағамға дәм берем.
Егер «Қ» - дан басталсам,
Шыраумын ең терең.
(тұз - құз)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Шығармашылар сайыс жоспары
Шығармашылар сайыс жоспары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тоғасбаева Қаламқас Қалибекқызы
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Ана тіліңді құрметте
Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы Деңгей: Бастауыш деңгей. Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілді білу – парыз. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мемлекеттік тілді білу әр адамның
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×