Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

06 қараша 2012, Сейсенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Қазақ тілі мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде біліммен, іскерлікпен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.

Мектептің оқыту үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруіне мүмкіндік береді. Жаңаша оқытудың ерешеліктері сол нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, қасындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды» дамытуға негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдалары қалыптасады.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Осы әдіс-тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады. Тиімді, пайдалы жерлерін жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз?

Толық нұсқасын жүктеу
5 971
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×