Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін

25 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін?

Менің мұғалім мамандығын таңдап, тер төгіп еңбек еткеніме 22 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған осы еңбек жолында әрқашан ізденісте, ой қозғалысында бола жүріп мен өз міндетімді жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын, білім сапасын арттыра отырып, заманауи ақпараттық - коммуникативтік технологиялары мен оқытудың көптеген тиімді әдіс - тәсілдерін өз тәжірибемде ұтымды пайдаланып келдім. Алайда бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етіп отыр. Мен А. С. Макаренконың:«Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу»,- деп айтқанындай қазіргі заман талабына сай ұрпағымды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытқым келсе, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргім келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуым керек деп білем. Сондықтан да мен Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсына келдім. Мен осы курсты оқығалы өзгерісті өзімнен бастадым және өзгердім де. Олай дейтінім осы күнге дейін мен тек өз шәкірттеріме "өмір бойы азық боларлықтай білім беріп келсем" ендігі жерде "өмір бойы өздігімен үйренуге" өз ұстанымымды бағыттадым.

“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылу себебі, білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуінде. Ол үшін ұстаз іс - әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыра отырып, демократияландыруы, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуы керек. Мұғалім өз білім - білігін, оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс деп білем. Сондықтан мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан - жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру мақсатында өз мектебіме практик - маман ретінде өзгеріс енгізуді жоспарладым. Бұл мақсатты орындау қиындық келтірді дегенмен өз мектебіме өзгеріс енгізуге ықпал жасағанымды растаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Рахметова Батима
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×