Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті

25 мам 2015, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға ұлттық үрдіс және тіл мәдениеті арасындағы байланысты түсіндіру. Қоғамдағы тілдің дамуы және оған қосар әр тұлғаның үлесі туралы ұғындыру;
Дамытушылық:
Оқушылардың пікірі мен көзқарасының қалыптасуына, ойын дәл айтуға ықпал ету;
Тәрбиелілігі:
Сезімталдыққа, сөз астарын ұғуға, ата - баба дәстүрін сақтауға, туған тілін қадір тұтар азамат қалыптасуына әсер ету;
Сабақтың түрі: шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелесу - сұхбат, ой тастау, жүйелеу, миға шабуыл, практикалық және шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен жұмыс
Жұмыс формалары: топтық, ұжымдық, жекелей
Сабақтың көрнекілігі: пікір парақшасы, плакат, кеспе қағаз

Сабақтың жоспары:
1. Тілек – тірек
2. “Тілін білмеген – түбін білмейді”
3. Сөз жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді
4. “Ұлт анасы – тіл”
5. Даналықтың дәні
6. Сиқырлы сөздер
7. Бата – бақытқа бастар күш

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы тексеріледі.
1. Тілек – тірек. Оқушылар бүгінгі күннің басталуына байланысты өз тілектерін жылы сөзбен білдіреді. Мысалы: Қайырлы таң! Бүгінгі істеріңіз сәтті болсын!

2.“Тілін білмеген – түбін білмейді” (логикалық сұрақтар)
Бөлтірік пен Қазыбектің танысуы
- Ата, шақшаңыз ненің мүйізінен жасалған? – дейді бала таңырқап.
- Қоянның мүйізінен еді, шырағым.
- Қуарған жердің адамы екенсің - ау! – дейді бала шегін тартып.
- Қуарған жердің қоянының мүйізі қу тұтам болады екен - ау! Біздің жердің қоянының мүйізінен шақша емес, шаңырақ шығар еді. Қарт сөзден жеңіледі. Баланың тапқырлығына риза болып, ақ батасын береді.
Сұрақ:
1. Бала мен қарт не туралы әңгімелесті?
А) қоян; Ә) мүйіз; Б) шақша; В) шешендік;
2. Қазыбек би балаға не үшін бата берді?
А) жақсы көргендіктен;
Ә) тапқырлығы үшін;
Б) аяғандықтан;
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып, өлеңді оқыңдар
М... н қ... з... қп... н м... ң... л... п, м... ң т... р... лг.. н

3. Сөз жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді
Бүгінгі сабақ:
Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті
Қазақ халқының “қоңыр үнді, қорғасындай салмақты” ұлттық тіліндегі әдеп – ұлттық тіл мәдениетінің кепілі.
Сөз мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым - қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі
Сөйлеу тәсілдері:
1. Аз сөйлеу;
2. Биязы сөйлеу;
3. Мәнерлеп сөйлеу;
4. Сөз мәнін айқындап сөйлеу;
5. Кейбір сөзге ерекше үн беріп сөйлеу;
6. Әдеппен сөйлеу;
Ұлттық үрдістің түрлері:
1. Ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, әрбір сөздің өз әуезі бойынша әдепті сөйлеу;
2. Шын сөйлеу;
3. Ізетті сөйлеу. “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” дейді қазақ халқы;
4. Салауаттылық. “Пейілдің кеңдігі – ғажап, зейіннің кемдігі – азап.
5. Біліктілік.
6. Іскерлік.
7. Арлылық.

4. Ұлт анасы – тіл”
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі әкім одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
- Тақсыр, осыншама жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді. Сонда әкім:
- Ешбір ілім - білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? - дейді.
Ы. Алтынсарин
Тапсырма: Ой бөлісу.

5. Даналықтың дәні
Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді. Ал адам – салиқалы, сапалы сөзімен дәмді
Ә. Науаи
Тапсырма: Сын есімдерді тап
Жаттығумен жұмыс:
61 - жаттығу. Тіл мәдениеті туралы нақыл сөздерді дәптерге жазу
Қайран тіл, қайран сөз – наданға қадірсіз.
Абай
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы
Абай Құнанбаев
Тапсырма: есімдіктерді тап

6. Сиқырлы сөздер
1. Екі иығына екі кісі мінгендей;
2. Аяғы аяғына жұқпады;
3. Саусағының ұшын қимылдатпады
4. Ит терісін басына қаптады;
5. Жерден алып, жерге салды;
6. Үріп ауызға салғандай;
7. Қыздың жиған жүгіндей

Тапсырма: Берілген сөздерді пайдаланып, мақал - мәтелдерді қатыстыра отырып, сөйлем құрау

Жақсы сөз – жарым ырыс”
“ Лұқпан хакім мың жыл жасапты”деген сөз ел арасына тарапты. Осы сөздің байыбына жетпеген бір жас жігіт данагөй хакімнің өзінен сұрапты. Сонда Лұқпан хакім былай депті:
- Осы сөздің шындығы бар, балам. Ғұмырымда талай адамға жолықтым. Олармен өткізген әрбір жақсы сұхбатты бір жасқа балап отырдым, - депті Ел аузынан
Сұрақ: Сөйлеудің қай түріне жатады?

Тест
1. Сөйлемді толықтырыңдар.
“Бірлік бар жерде...”.
а) асар болады;
ә) тірлік бар;
б) білім бар;
в) ақпарат бар.
2. Сәлемдескенде айтылатын сөзді табыңдар:
а) Сау болыңыз!
ә) Амансыз ба!
б) Қош болыңыз!
в) Көріскенше!
3. Қай сөз лайық: Атаның баласы болма,... баласы бол.
а) адамның;
ә) ананың;
б) шет елдің;
в) одақтың.

Бекіту:
Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті дегеніміз не?
Сөйлеудің түрлерін ата.

Бағалау
7. Бата – бақытқа бастар күш
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған!
Оң жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын.
Сол жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Еш жамандық болмасын!
Аман болсын мал - басың!
Қызыр болсын жолдасың!
Дастарқан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
Әумин!

Инсерт кестесі (түртіп алу стратегиясы)
Білетінім-------
Мен үшін жаңалық-------------
Мені таң қалдырады «?»-----------

Үйге тапсырма:
88 - бетті оқу, 63 - жаттығу. Сөз құрамына талдау
Назарларыңызға рахмет!!!
24 001
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Travelling along Great Britain
Travelling along Great Britain
Travelling along Great Britain. Арнайы курсы. Ағылшын тілі 7 - сынып. Факультативтік курс жоспары. (аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат).
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептерін білу және алдын алуды үйрену. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсерін ұғындыру. Біріккен пәндік оқыту арқылы ағылшын тілінде тілді дамыту.
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық-күнтізбелік жоспары.
"Мәшһүртану" қосымша сабаққа бағдарлама
"Мәшһүртану" қосымша сабаққа бағдарлама
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Ұлыттық тағамдар
Ұлыттық тағамдар
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергебекова Гүлшария Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×