Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілімді тереңдетем десең...

09 шілде 2015, Бейсенбі
Тілімді тереңдетем десең...
Сабақтың мақсаты: Тындаушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрету. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Патриоттық сезімдерін оятып, ана тілдерін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың эпиграфы: «Тілін білмеген - түбін білмейді!» (Б. Момышұлы )
Сабақтың түрі: викторина сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауаптар, әңгімелесу, әртүрлі ойын элементтері, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сиқырлы себет.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, психологиялық дайындық.

ІІ. Кіріспе сөз.
Мағжан Жұмабаев - «Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл - тәуелсіздік тірегі. Қазақ тілі үшін күрес сонау 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастау алады. Мемлекеттік тіліміздің дамуы туралы білгіміз келсе, мына хронологиялық кестеге назар аударайық

1. Интерактивті тақтадан көрсетіп, талдау.

1989 ж. 22 қыркүйек. «Қазақ ССР - інің Тіл туралы» заңы қабылданды.
1989 ж. 22 қазан. Алматы қаласында өткізілген алғашқы құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.
1990 ж. 22 наурыз. Республикалық «Ана тілі» газеті жарыққа шықты.
1993 ж. 28 қаңтар. Қазақстан Республикасының тұнғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
2001 ж. 7 ақпан. Қазақстан Республикасының Президенті «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001 - 2010 жылға арналған бағдарламасы» №550 жарлыққа қол қойды.
2007 жыл. Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды
2008 ж. қыркүйек. Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды

Демек, халқымыздың «Ең тәтті де - тіл, ең ащы да – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да - тіл» деген мақалы тегін айтылмаса керек. Дүниеде тілден құдіретті ештеңе жоқ.

ІІІ. Тыңдаушылардың тіл туралы ой - пікірлерін, ұлағатты нақыл сөздерін тыңдау.
Ата - бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол – ел, жер, және тіл. Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Адам білімді тәлім - тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, салт - дәстүрді тіл арқылы үйренеді.
Ана тілі деп атаудың себебі,
анасындай қастерлесін дегені
Өз анасын сыйлайтұғын әр адам
Өз тілін де құрмет тұтып келеді
дегендей, ана тілін менсінбейтін адамның сол ұлттың өкілі болып жарытпайтыны анық. Кейбір себептермен ана тілінде сөйлеу бақытынан айырылғандарды кешіруге болады.
- Ал, ана тілінде сөйлеуді намыс көріп, бас тартқан адамдар үшін кешірім жоқ. Сондықтан, тілдерімізді тереңдетем десеңіз, сайысқа қатысып өздеріңізді сынап көріңіздер.

ІV. Викторина тапсырмалары.
1) «Жорға» - сұрақ - жауаптар.
1. Қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады? (42)
2. Тілдер күні қай айда тойланады? (қыркүйек)
3. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім? ( Ы. Алтынсарин)
4. Қасиетті тағам.(нан)
5. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
6. Ең киелі құс? (аққу)
7. 100 жыл (ғасыр)
8. Сөз өнері жарысы ( айтыс)
9. Республикамыздың тұңғыш президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
10. Исламның қасиетті кітабы (құран)
11. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 136
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілім менің - тірлігімнің жалғасы
Тілім менің - тірлігімнің жалғасы
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
Тілім менің - тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді - кім? Тілім менің, тілім менің - тірлігім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Менің сөздік қоржыным
Менің сөздік қоржыным
Мағжан Жұмабаев - «Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл - тәуелсіздік
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл – адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.
Тілім менің-тірлігімнің тірегі
Тілім менің-тірлігімнің тірегі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×