Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сөздік қоржыным

19 ақпан 2016, Жұма
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы –
Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Менің сөздік қоржыным»
Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрету. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Патриоттық сезімдерін оятып, ана тілдерін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, әртүрлі ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: кәртішкелер, жетондар, түрлі түсті жапырақтар
Сабақтың эпиграфы: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ!»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу, психологиялық көңіл - күй

ІІ. Кіріспе сөз.
Мағжан Жұмабаев - «Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл - тәуелсіздік тірегі. Қазақ тілі үшін күрес сонау 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастау алады.
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні туралы қысқаша мәлімет.
- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп бекітілді, «Тіл туралы заң» қабылданды. Ата - бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол - ел, жер және тіл. Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Сондықтан да ана тілімізді құрметтей білейік!

ІІІ. 1). «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны. Шарты: мен өз ойымды оқимын, дұрыс болса қол шапалақтау, бұрыс болса үндемеу.
1. Бәйге - қазақтың ұлттық ойыны.
2. Бесбармақ – француздардың ұлттық тағамы.

3. Наурыз – Шығыс халықтарының мейрамы.
4. Илья Муромец – қазақтың батыры.
5. Шұбат – түйенің сүтінен жасалады.
6. Наурыз күз айында басталады.
7. Қазақстан - біздің Отанымыз.
8. Абай – қазақтың ұлы ақыны.
9. Қымызды сиыр сүтінен жасайды.
10. Масленица мейрамында орыстар бауырсақ пісіреді.

2). «Домино» ойыны. Шарты: бір кәртішкеде сөйлемнің басы болады, екінші кәртішкеде сөйлемнің аяғы болады. Сөйлемді жинап, мәтін жасаймыз.
1. Күз мезгілі // келді. 2. Күз айлары // қыркүйек, қазан, қараша. 3. Күзде күн // салқындайды. 4. Жиі жаңбыр // жауады. 5. Ағаш жапырақтары: // сары, қызыл, жасыл болады. 6. Құстар жылы жаққа // ұшып кетеді. 7. Маған күз мезгілі // өте ұнайды.
Сіздерге күз мезгілі ұнаса, маған да осы мезгіл ұнайды. Күзде ауа райы қандай? Табиғатта қандай өзгерістер болады? Ендеше бүгінгі сабағымызда біз сол түрлі түсті жапырақтарды жинаймыз. Бірақ ол жапырақтар ерекше, әр қайсысының тапсырмасы бар, сол тапсырмаларды дұрыс орындаған тыңдаушыға жетон беріледі, кім көп жетон жинаса сол жеңімпаз атанады.

3). Ойынымызды бастайық, бір - бірден келіп бір жапырақтан алыңыз
Сары жапырақтар:
1. «Қазақстан» сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құру.
2. Мақалды аяқтаңыз: Отан оттан да –...........
Отансыз адам – ормансыз.......
3. Қазақ тілі – қандай тіл? 4. Бір жылда неше ай бар?

Жасыл жапырақтар:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Жұмбақ: Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап)
3. Апта күндерін атаңыз.
4. Наурыз мерекесін қашан тойлаймыз?
Қызыл жапырақтар:
1. Еліміздің астанасы қандай қала? 2. Аптаның төртінші күні?
3. Қысқы киімдерді атаңыз. 4. Үй жануарларын атаңыз.

4). Жалпы ойын «Әріп жұмбақтар»
Құдық сөзінде бар, су сөзінде жоқ.
Қарындаш сөзінде бар, альбом сөзінде жоқ (Д)

Есік сөзінде бар, үй сөзінде жоқ.
Каспий сөзінде бар, теңіз сөзінде жоқ. (К)

Астана сөзінде бар, қала сөзінде жоқ.
Сағат сөзінде бар, қарбыз сөзінде жоқ. ( Т)

Пияз сөзінде бар, қияр сөзінде жоқ,.
Сыпырғыш сөзінде бар, ауа сөзінде жоқ (П)

Үкі сөзінде бар, су сөзінде жоқ.
Ірімшік сөзінде бар, тұз сөзінде жоқ. (І)

ІV. Сабақты қорыту: Жетондарын санап ойын жеңімпазын анықтау, қошеметтеу.
11 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілім менің - тірлігімнің жалғасы
Тілім менің - тірлігімнің жалғасы
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық  ойын сабағы:  «Миллион  кімге бұйырады? »
Тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық ойын сабағы: «Миллион кімге бұйырады? »
Жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды, сабақ бағдарламасындағы күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп, тыңдаушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдыққа, тез қозғалуға, бірізділікке тәрбиелеу, сабаққа деген
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Тілімді тереңдетем десең...
Тілімді тереңдетем десең...
Тіл - адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл – адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл – тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×