Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар (7 сынып)

24 қазан 2015, Сенбі
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева

Деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілі 7 сынып
2015 - 2016 оқу жылы
Түсінік хат
Мақсаты: Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі. Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, тілін, ойлауын мазмұндай білу қабілеттерін дамыту. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған.
Міндеті:
1. Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқу - тәрбие процесіне енгізу.
2. Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Нәтиже: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған. Деңгейлік тапсырмалар 7 - 9 сыныптар модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды, ой еңбегімен айналысуына көздейді. Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға, тілін дамытуға бағыттайды.

Қазақ тілі 7 сынып
Кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
I деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу, төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М. Жұмабаев)

II деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте, тілің, тілмен, ақылы, айтылады./түбір, I - II - жақ, жекеше, көпше т. б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне...... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі.....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың

III деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр. Туған тілім, тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі - өнеге.

Тақырып « Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел»
I деңгей
1. «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
жалғауын жалғаңыз.
Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй................................................................................
Ана.............................................................................
Ата - ана........................................................................
Дос...............................................................................
Туыс..............................................................................

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ересектерге тіл үйрету сабақтарында деңгейлеп-саралап оқытуды қолдану жолдары.
Ересектерге тіл үйрету сабақтарында деңгейлеп-саралап оқытуды қолдану жолдары.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дегеніміз – әр тұлғаны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Оқушыларға сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс орындайтындықтарын түсіндіру.
Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің мемлекеттік тілде оқымайтын топтардағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Нұрмұхамбетова Клара Хайрлықызы
Менің инновациялық сабағым
Менің инновациялық сабағым
Қостанай қаласы, №11 орта мектебі Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы
Жаратылыстану – математикалық білім берудегі инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі
Жаратылыстану – математикалық білім берудегі инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №249 мекиеп - лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Деңгейлік тапсырмалар 7 сынып
Деңгейлік тапсырмалар 7 сынып
Деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×