Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім – жүйе, білім – педагогикалық процесс, білім – нəтиже

15 наурыз 2016, Сейсенбі
Балқаш қаласы Н. К. Крупская атындағы»
жалпы білім беретін орта менктептің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Есильбаева Акбаян Муратовнаның

Білім – жүйе, білім – педагогикалық процесс, білім – нəтиже.

Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъектив - объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпы адамзаттық құбылыс; білім - Әлеуметтік мәдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нәтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс - әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51 бет)

Сыни тұрғыдан оқушыларды ойландыра алу әрбір педагогтың құзіреттілігінде. Мұғалімдердің сыни ойлауын дамытуды диалог арқылы жүргізіп отыруға жоспарладым. Сабаққа кірген сәттен бастап, соңына дейін осы 7 модуль шеңберінде жұмыстанамыз. Сабақтар барысында тұйық оқушыларым сабаққа араласып, белсенділік танытты. Оны мен диалогтық оқытудың маңызы деп қорыттым. Сабақтар топтық формада өтті, оқушылар білімді менің бағыт беруіммен өздіктерінен меңгерді. Оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру тақырып пен жағдаяттарға сәйкес әртүрлі әдістердің қолданылуына, барлық оқыту үрдісіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты. Бұндай жаңа әдістерді пайдаланудың маңызы неде? Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сай болу керек. Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын – ала болжам жасауға үйретеді. Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде оқушы жадында өздері айтқаның 80 пайызын сақтаса, өздері істегенің 90 пайызын есте сақтайды. Белсенді әдістер шығармашылық тәжірибе мен жаңа әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзырлыққа әсер етеді.

Белсенді оқытудың негізгі ерекшелігінің бірі үйренушілердің бір – бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым – қатынаста болу. Сыныптағы оқыту формасын өзгертіп, топтық, жұптық, ұжымдық формада өткізе бастадық. Жаңа әдіс - тәсілдердің оқушылар үшін пайдасы өте көп, себебі сабақ, барысында оқушылар өз ойларын қорытуға, логикалық ойлауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге, топ ішінде бір - бірімен сыйласуға, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, барлық мәселелерді бірлесіп шешуге үйренді. Көп сөйлемейтін оқушылардың өзі топтағы ортақ жұмыс орындаған кезде белсенділік танытты, өздеріне берілген тапсырманы басқалардан қалмай жауапкершілікпен орындауға тырысты. Оқушыларға қолданылып жатқан жаңаша оқытудың әдіс - тәсілдері ұнады. Қазір оқушылар өздерін сабақта еркін сезінеді, ойларын да еркін жеткізеді. Бұрынғыдай жауабым қате болып қала ма, деп қысылып, қымтырылмайды.

Толық нұсқасын жүктеу
2 487
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
2020 жылдың 28 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында оn - line режимінде
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп
Педагогикадан тест жұмысы
Педагогикадан тест жұмысы
Педагогика пәнінен тест жұмысы 1. Педагогика ғылымы: А) оқушының даралығын; В) мектептегі оқу - тәрбие процесін; *С) оқыту, білім беру және тәрбиелеу процесінің заңдылығын; Д) оқыту мен тәрбиенің заңдылығын; Е) баланы оқытуды зерттейді.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Бастауыш сынып мұғалімі портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімі портфолиосы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы “№21 жалпы орта білім беретін мектебі” ММ Бастауыш сынып мұғалім Жанулова Гульшат Мухамбетрахимқызы
Педагогика тест
Педагогика тест
Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×