Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

11 қыркүйек 2016, Жексенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
31. Көнерген сөздер.
32. Көнерген сөздердің түрлері
33. Жаңа сөздер
34. Жалпылама лексика
35. Сөздердің қолдану ерекшелігі


№7 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға көнерген сөздер туралы лингвистикалық білім беру, көнерген сөздерге тән белгілерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 146 – жаттығу
2. Сөздік құрам туралы түсінік

ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Өлеңдегі сөздік құрамға кіретін сөздердің астын сыз.
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай...
Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, т. б.), бұрынғы жыл атаулары( барыс, жылқы, қоян, ұлу, т. б.) ай атаулары(наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек, т. б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
• Басқа сөздермен ауысқан көнерген сөздерді жаз.
Үлгі: дуан – облыс
ІІ деңгей
• Құрамында көнерген сөздері бар, мақал – мәтел мен тұрақты тіркестерді жаз.
Үлгі: ешкіні түлен түрткенде, шопанның таяғына сүйенер.
ІІІ деңгей
• Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөзді жаз.
Үлгі: бадана - баданадай
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
147 - жаттығу І топ
• Қазіргі кезде жаңадан қолданыла бастаған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар.

148 – жаттығу ІІ топ
* Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек көшіріп жазыңдар.

149 – жаттығу ІІІ топ
• Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс
3. Төмендегі үлгідей сөйлемдер құрастыру.

VІІІ. Сабақты бекіту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Көнерген сөздер туралы түсінік
2. 150 - жаттығу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру
3 119
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер туралы оқушыларға ізденте отырып, көнерген сөздердің мағынасын ашуға, сөйлем ішінде тура, ауыспалы мағынасында қолдана білуге үйрету, көнерген сөздер түрлерін меңгерту.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Жаңа сөздер
Жаңа сөздер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Көнерген сөздер, түрлері
Көнерген сөздер, түрлері
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Темірбекова Күләш Ахметқызы
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×