Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа сөздер

08 қыркүйек 2015, Сейсенбі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы,
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Тутеева Динара Серикбаевна

Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың жаңа сөздер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстары арқылы жаңа сөздер туралы түсініктерін бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Сыныпты 4 топқа бөлу.
І топ Омонимдер
ІІ топ Синонимдер
ІІІ топ Антонимдер
ІV топ Тұрақты тіркестер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Көнерген сөздер дегеніміз не?
2. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
3. Тарихи сөз дегеніміз не? Мысал.
4. Архаизм дегеніміз не? Мысал.
5. 154, 155 - жаттығулар.

ІІІ Білім тексеру: «Балық аулау» ойыны
Топпен жұмыс
І топ. Мәтіннен көнерген сөзді теріп айт.
Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.

ІІ топ. Жырдан көнерген сөздерді тап
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. («Ер Тарғын»)

ІІІ топ. Мәтіннен көнерген сөзді тап.
Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді.

ІV топ. Мәтіннен көнерген сөзді тап.
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген…
Барабан соғып, шың қағып. («Қобыланды)

ІV. Өткен сабақты қорыту.
Көнерген сөздер ішіндегі тарихи және архаизм сөздерді топтастыр.
Биқасап, дүрия, патша, аға сұлтан, бесік құда, сауыт, адырна, найза, жебе, пітір, құран, сәуір, мешіт, ораза, кебеже, сауын айту, қыркүйек, лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, ораза, барымта.
Миға шабуыл. Суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашу. Ереже шығару.
Ғарышкер, ғарыш, жер серігі, қолшатыр, құжат, ермексаз, зымыран, бағдаршам, т. б

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
Жаттығумен жұмыс
163 - жаттығу
І топ Омоним
Еңбек құралдары: қағаз, қалам, қарындаш, желім, ермексаз, қайшы, түйме, т. б.
ІІ топ Синоним
Жануарлар: сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, керік, қолтырауын, піл, жолбарыс, т. б.
ІІІ топ Антоним
Құрылыс заттары: шеге, балта, балға, күрек, кетпен, т. б.
ІV топ Тұрақты тіркес
Көлік түрлері: машина, автобус, отарба, шайтанарба,
164 - жаттығу.
Мәтіндегі жаңа сөздерді теріп жазыңдар.
Шаруа қожалығы, несие, салық, түсімі.

Шығармашылық жұмыс
Жаңа сөздерді пайдаланып өтірік өлең құра.
Сергіту сәті: Жүйрік болсаң шауып көр. Мақал – мәтел құра.
1. Тәуекел
Еңбек
Тоқым
Қара нар

2. Намыс
Қуат
Жігер
Қамыс

3. Қырық кісі
Жұдырық
Қол
Алақан
4. Күрес
Шайқас
Ата
Бала

Постермен жұмыс.
Жаңа сөздерді бейнелеу өнері арқылы көрсет
Үй тапсырмасын беру. 169 - жаттығу
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 498
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Көнерген сөздер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Диалект сөздер
Диалект сөздер
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді.
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×