Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары

21 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
21. Сын есімнің түрленуі
22. Салыстырмалы шырай
23. Күшейтпелі шырай
24. Cын есімнің емлесі
25. Cын есімнің сөйлемдегі қызметі


Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
а) Сын есімнің түрленуі туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Сөйлем мүшесі неше түрге бөлінеді?
2. Тұрлаулы мүшесіне қайсысы жатады?
3. Не себепті тұрлаусыз мүшесі сөйлем құрай алмайды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.
Сын есім мағынасына қарай: 1 - сапалақ, 2 - қатыстық
Сын есім құрамына қарай: 1 - негізгі, 2 - туынды, 3 - күрделі.
Жаттығумен жұмыс: 64 - жаттығу. Мәтінді өзіндік диктант етіп жазады. Құрамынан сапалық сын есімдерді тауып, ерекшелігін түсіндіреді..
Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазады.
Мысалы: қызыл - қызғылт, қызғылтым, қызылдау, қызылырақ, тым қызыл, өте қызыл
Қызыл. Көк. Қымбат. Ақ. Ұзын. Кіші. Ащы. Биік. Жуас.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сын есім құрамына қарай?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 66 - жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар.

21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды жүктеу

Толық нұсқасын жүктеу
5 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
Морфология. Зат есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Морфология. Зат есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×