Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

13 қараша 2016, Жексенбі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Қазақ тілі 7 - сынып
Жалпы мақсаты: оқушыларға сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту
7 модульдің қолданылуы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау.
Оқыту нәтижесі: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік алады. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыра алады.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: талдау, сұрақ – жауап, жаттығу.
Қолданылатын ресурстар: тақта, үлестірме қағаздар, сызбалар.
1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру Көңіл күй ахуалы тренинг
59 - жаттығу
Сұрақ – жауап әдісі
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Негізгі сын есім дегеніміз не?
3. Туынды сын есім дегеніміз не?
4. Сапалық сын есім дегеніміз не?
5. Қатыстық сын есім дегеніміз не?
6. Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Қалай жасалады?
7. Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Қалай жасалады?
8. Сын есімнің емлесін айтыңдар

2 кезең
Мағынаны тану
Топтастыру. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сөйлем мүшелері: Бастауыш
Ережесі: Зат есімнің орнына жүріп, зат есімнің қызметін атқаратын заттанған сын есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады.
Мысалдар: Жақсы – ісімен жақсы. Көп қорқытады, терең батырады. Ұялшақ сыбағасынан құр қалар. Ақ - әдемі түс.

Оқулықпен жұмыс. Жаттығумен жұмыс. 60 - жаттығу
Сын есімдерді тауып, сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табу.
61 - жаттығу. Әңгімені дауыстап оқып, мазмұнын айтып беріңдер. құрамындағы сын есімдер сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын сұрақ қою арқылы ажыратыңдар. Әдеп
62 - жаттығу
Мақалдарды оқып шығып, зат есімнің қызметін атқарып тұрған сын есімдерге назар аударыңдар. Қай септіктерде тұрғанын, қандай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.
Шығармашылық жұмыс:
Бір сын есімге көп зат есім тауып жазыңдар.
Қызық Жақсы
Бір зат есімге көп сын есім тауып жазыңдар.

3 кезең
Кері байланыс
Сәйкестендіру тесті
Бастауыш Жақсы сөз жан семіртеді.
Баяндауыш Жақсыдан – шарапат, жаманнан - кесапат
Анықтауыш Айжан сабақты жақсы оқиды
Толықтауыш Жақсы көпке ортақ
Пысықтауыш Бәріміз бір кімінің баласындай татумыз

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Күйкен орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Матниязова Айнур Талгатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 543
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Оқушыларға сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы туралы түсінік беру, оған қатысты жаттығулар орындату;
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Сын есім және оның түрлері
Сын есім және оның түрлері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Нурлыхан Жұбатқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×