Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайтану курсының бағдарламасы

30 қараша 2016, Сәрсенбі
Абайтану курсының бағдарламасы

Бағдарламаның мазмұны
1) Кіріспе.(1сағат). Абайтану және абайтанушылар туралы. Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы Ә. Бөкейханов, Қ. Мұхамедханов, З. Ахметов, М. Мырзахметов және т. б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;
2) Абайдың өмірі мен өскен әлеуметтік ортасы (1сағат). Ақын өмір сүрген заман, ата - тегі, туып - өскен ортасы, алған тәлім - тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;
3) Ойшылдың философиялық көзқарасы (2сағат.) «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»өлеңдеріндегі ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы, әділеттілік мәселелері;
4) Абай білім алған үш бағыт (1сағат). 1) қазақ халқының рухани әлемі; 2) Шығыстың рухани қазынасы; 3) батыстың әдеби әлемі;
5) Ақынның қоғамдық - әлеуметтік мәселелері (2сағат). «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» өлеңдеріндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал - мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;
6) Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы ролі (1сағат). «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»өлеңінде жастық шақты орынсыз ойын - күлкімен өткізбей, талаптылыққа, жақсы мінез - құлыққа шақырады; «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңіндегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға үндеуі.
7) Абайдың ақындық мектебі (1сағат). Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, мақсат - мүддесі, әлеуметтік белсенділігі, Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т. б. хақында;
8) Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
(1 сағат). Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ұйқас түрлері, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері;
9) Ақын шығармаларындағы ағартушылық бағыт (1сағат). «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Интернатта оқып жүр», «Білімдіден шыққан сөз» өлеңдерінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ғалым мен адам болу мәселелері;
10) Табиғат лирикасы (2сағат). «Жазғытұры» өлеңінде Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауы, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, «Қараша, желтоқсанмен сол бір - екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі. 6
11) Ғашықтың тілі - тілсіз тіл (2сағат). 1) Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары;
2) «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой - топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары;
12) Шығармашылық жұмыс (1сағат). «Абай - дана, Абай - дара қазақта» эссе жазу;
13) Ақынның достық туралы өлеңдері (1сағат). 1) «Досыңа досың - қарыз іс» өлеңінде достыққа адал, дұшпаныңа әділ болып, сабырлылыққа шақыру мәселесі;
14) Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары - 2 сағат
1) «Болыс болдым мінеки» өлеңінде билікке таласқан пенденің әлеуметтік - психологиялық бейнесі, болыс, ел туралы ой - толғаныстары,
2) «Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы;
15) Абайдың поэмалары (2сағат)
1) «Масғұт» поэмасы - 1сағат, поэманың тақырыбы, идеялық - көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні;
2) «Әзім әңгімесі» дастаны(1 сағат). «Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой - мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі.
16) Абайдың аудармалары (3 сағат).
1) Абайдың Пушкиннен аударған өлеңдері (1сағат). Ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай аударылуы, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі",«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңдері
2) Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері (1сағат). "Ой", "Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр - топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетуі;
3) Абайдың батыс классиктерінен аударған аудармалары (1сағат) Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А. Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И. В. Гете - М. Ю. Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;
17) Әлемдік деңгейдегі ақынның сазгерлік өнері (2сағат). «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік - эстетикалық ерекшеліктері.
18) Абай қарасөздеріндегі тәлім - тәрбие мәселесі (1сағат). «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;
19) Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері (1сағат). Жоғарғы ғылым - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады.
20) «Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы;
21) Ақынның саяси - әлеуметтік болмыс туралы толғанысы.(1сағат). «Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі;
22) Абай - заңгер.«Би екеу болса, дау төртеу болады» (1сағат). Үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері;
23) Абайдың шығысқа қатысы (1сағат). Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы;
24) Шығармашылық жұмыс (1сағат). «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген тақырыптың айналасында конференция, дебат сабақтарын өткізу;
25) Қорытынды сабақ (1сағат). Абайтану курсы бойынша алған білімдерін жинақтау мақсатында қорытынды сабақ өткізу.

Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Темиркулова Мадина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 988
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы
Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы
ПРАКТИКАЛЫҚ ГРАММАТИКА Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы 11 класқа арналған
Абай және Пушкин
Абай және Пушкин
Абайдың аударғандары - Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегиннен" үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар.
Абайтану элективті курс бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
Абайтану элективті курс бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
«Абайтану» элективті курс бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
Абайдың ең жақын адамдары (сөзжұмбақ)
Абайдың ең жақын адамдары (сөзжұмбақ)
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×