Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

10 қаңтар 2015, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақ халқының жарқын бейнесін ашу;
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, толықтыру;
Ә) Тәрбиелік: Өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, терең ойлай білетін парасаттылыққа тәрбиелеу;
Б) Дамытушылық: Тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, Даналық ой - пікірлері жазылған слайдтар, «Абай туралы ойшылдардың бағалары» (слайдтар), «Абайдың қара сөздері» — 2 том
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1) оқушы қатысын тексеріп сабақтарына сәттілік тілеу.
2) Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.
3) Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру.
4) Бағалау бекіту.
5) Шығармашылық тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырай Алтынсариннің табиғат лирикасына арнаған өлеңдері қандай?
3. Абай мен Ыбырай шығармаларында қандай үндестік бар?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары
1) Ақынның балалық шағы
2) Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы
3) Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, қоғам қайраткері, төбе - би шешен
4) Ақынның өмір сүрген ортасы.
5) Абайдың саяси және тарихи көзқарастары
6) Абай және халық ағарту ісі
7) Аудармашылық қызметі
8) Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
9) Қара сөздерінің мазмұны, тәрбиелік мәні.

І. Абай өмірі (хронологиялық кесте)

ІІ. Абайдың аудармалары:

ІІІ. «Абай туралы даналық ой пікірлер»
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». (А. Байтұрсынов)
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» (М. Әуезов)
3. «Абайдың әуелден - ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері - шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізі шарты. ….. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». ( Н. Ә. Назарбаев)
4. «Өз Отанының сом алтыны» (Ә. Бөкейханов)
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ» (М. Дулатов)
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» (М. Жұмабаев)
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты» (М. О. Әуезов

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 754
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×