Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты тіркестер

07 қараша 2017, Сейсенбі
ПӘН: қазақ тілі 5 сынып
ТАҚЫРЫП: Тұрақты тіркестер
САБАҚ ТҮРІ: жаңа білім
САБАҚ ӘДІСІ: түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: Интерактивті тақта, топ ережесі, кестелер, плакаттар, маркер, стикерлер, түсті қағаздар, «Екі жұлдыз, бір тілек» плакаты
МАҚСАТЫ: 1. Тұрақты тіркестер, оның ерекшеліктері туралы түсіндіру.
2. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорына, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға үйрету.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: ОҚУШЫ:
- тақырып бойынша білімдерін тереңдете алады;
- кез - келген мәтінді оқып, түсінгенін өмірмен байланыстырып айтады.
- тақырып бойынша пікірін талқылап, сыныптастарымен ой бөлісе алады.
- өз ойын еркін жеткізеді.
- күрделі тапсырмаларды орындап, өз қабілеттерін дамытады;
- сыни тұрғыда ойлауға үйренеді;
- өзін - өзі бағалайды, өз жұмысын достарының жұмыстарымен салыстырып, өзін - өзі реттей алады.

І. Қызығушылығын ояту. (5 минут)
Оқушыларды «Шаңырақ» тренингі арқылы бір - біріне жылылық лебіздерін білдіруіне мүмкіндік жасау.
Топ ережесін еске түсіру. Ережедегі «Достығымызды сақтаймыз» ережесінің баламасы «Арасынан қыл өтпейді» тұрақты тіркесін талдау арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау. Үй жұмысын тест арқылы тексереді.

ІІ. Мағынаны ажырату (25 минут)
І. Мұғалім оқушыларға бірінші тапсырма береді. Тест жұмысы
1. Тұрақты тіркес...
А) бірнеше мағына білдіреді
В) бір мағына білдіреді
С) ешқандай мағына білдірмейді
2. Синоним дегеніміз не?
А) мағынасы бірдей сөздер
В) мағынасы қарама - қарсы сөздер
С) мағынасы әр түрлі сөздер
3. Тұрақты тіркес тап
А) уайымшыл
В) қорқақ
С) қоян жүрек
4. Қуанышты сөзінің тұрақты тіркес
А) жүрек жұтқан
В) екі езуі екі құлағында
С) бармағын тістеді
5. Ала көзімен атты тұрақты тіркесінің мағынасын тап
А) жек көріп қарау
В) мылтықпен атты
С) жақсы көріп қарау
ІІ. Мұғалім оқушыларға екінші тапсырма береді.
1. Берілген сөздердің тұрақты тіркес баламасын табу.
2. Берілген әңгімеден тұрақты тіркестерді табу.

ІІІ. Топтық жұмыс.
ІІІ. Сәйкестендіру.
1 - топ
Бес саусақтай білу
Қас пен көздің арасында
Тонның ішкі бауындай
Санын соғу
Төбе шашы тік тұрды
көзді ашып жұмғанша
арасынан қыл өтпеу
бармағын тістеу
он саусағындай білу
жаны зәр түбіне кетті

2 - топ.
Антонимдерді сәйкестендіріңіз.
Ат ізін құрғатпау бетінен оты шықты
Арасынан қыл өтпеу ат ізін салмау
Беті бүлк етпеу қырық пышақ болу
Қолы ашық аузы - аузына жұқпау
Аузын ашпау қолы тар
Топтық жұмыс. Қай әңгіме әсерлі?
1. Әңгімеге тұрақты тіркестерді мағынасына қарай қойып жазыңыз.
1 - топ.
Көшемен үйге қарай келе жатып әдемі қызды көрдім. Мен бұл ауылды жақсы білетінмін. Бір кезде қарасам, тез арада әлгі қыз көрінбей кетті. Лезде қайда кетті деп жан - жағыма қарадым. Мен жаңағы қызды тауып алдым. Қуанғанымнан күліп жібердім.
Қажетті тұрақты тіркестер:
үріп ауызға салғандай, бес саусақтай білетінмін, көзді ашып - жұмғанша, қас пен көздің арасында, екі езуім екі құлағыма жетті.

Сазды орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тлеуова Ләззат Кенжеғұлқызы

Тұрақты тіркестер. жүктеу
2 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу жетістіктерін бағалау.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету. Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×