Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болымды және болымсыз етістік

12 қаңтар 2018, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды болымды және болымсыз етістіктермен таныстыру. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар қош келдіңдер,
Біріңді көрдіңдер,
Сабағымызды бастаймыз,
Сұраққа жауап беріңдер!

ІІ Психологиялық дайындық.
«Шынайылық адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады»
Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
1. Елімізге тыныштық тілеймін.
2. Күніміз жарық болсын!
3. Деніміз сау болсын!
4. Елбасымыз аман болсын!
5. Нанымыз көп болсын!
6. Аспанымыз ашық болсын!
7. Көк туымыз биік болсын!
8. Аналарымыз аман болсын!
9. Еліміздің тірегі – әкелеріміз аман болсын!
10. Балалар бақытты болсын!
Жақсы, құрметті оқушылар. Осындай жақсы көңіл күйде сабағымызды жалғастырайық.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ: Берілген сөздерге – ла, - ле, - да, - де, - та, - те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса.
2топ: Түбір сөздердің қай сөз табы екенін анықта.
3 - топ: Өзің қалаған екі - үш туынды етістікті қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.
Бағалау: Әр кезеңді орындау барысында оқушыларға түрлі - түсті дөңгелекшелерді өздері таңдап өздерін өздері бағалап отырады. Көк түсті дөңгелекше - 5, жасыл - 4, сары - 3 - ті білдіреді.

ҮІ Сұрақтар қою арқылы өткен сабақтарды пысықтау. Қызығушылығын арттыру «Ой қозғау»
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табын (ЕТІСТІК) дейміз.
- Етістіктің сұрақтары (НЕ ІСТЕДІ? НЕ ҚЫЛДЫ? ҚАЙТТІ?)
- Туынды етістік (ЖҰРНАҚ ЖАЛҒАНУ) арқылы жасалады.
- Түбір сөзден жасалған етістікті (НЕГІЗГІ ЕТІСТІК) дейміз.
- Негізгі етістік, туынды етістік болып (ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ)
- Дара етістік, күрделі етістік болып (ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ)

Ү Жаңа сабақ
- Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
БАС, ҚОЛ, Ы, МАҚТА, ЫДЫС ЖӘНЕ БОР, БАЛЫҚ, МАТА, МЫСЫҚ, ҚАЗ, ЕТІК, СҮТ, ТІС, КҮН.

ҮІ Дәптермен жұмыс: - Балалар, күннің жадын, тақырыпты жазыңдар! Тақырыпты жазып болған соң:
- Енді ештеңе жазбаңдар, бері қараңдар, - деп, айтайын деп тұрған ойыма оқушылардың ойын аударам.
- Балалар, «тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар»,- деп едім,- сендер не істедіңдер?
- Жаздық. Қаламды алып алып, қолдарын қимылдатады.
- Ал, «жазбаңдар» дегенде не істедіңдер?
- Жазбадық. – Иә, қолдарың қимылдамады.
Осы сөздер тақтаға жазылады.
Жазыңдар жазбаңдар
Бірінші сөзде қимылдың бары, екіншісінде қимылдың жоқтығы анықталады.
- Осы екі ұғымды білдіретін сөздердің құрамында айырмашылық бар ма?
- Бар. – ба қосымшасы.
Демек – ба жұрнағы іс - қимылдың болымсыз формасын білдіреді

ҮІ. Кестемен жұмыс: Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады.
- Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
- Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Мысал: айт - айтпа, жаз - жазба, кет - кетпе, сөйле - сөйлеме, т. б.

ҮІІІ. Оқулықтағы жаттығуларды орындату.
1 - жаттығу. І - топ орындайды.
*Берілген етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарын жалғап жазады.
*Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады.
*Бірнеше сөйлем құрастырып жазады.
- Жаз - ба, сана - ма, кел - ме, тұр - ма, шақыр - ма, ки - ме, қайт - па, төк - пе, қаз - ба, без - бе.
- Болымды етістіктер болымсыз етістікке айналды, іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдірді.
- Аслан, дәптерәңе артык ештеңе жазба? Адамдарды саусағыңды шошайтып санама.
Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?»
Жаңылтпаштар айтқызу.
2 - жаттығу. ІІ - топ орындайды.
*Сөйлемдерді оқып, ішінен тыйым сөздерді көшіріп жазады.
*Тыйым сөздердің маңызы, тәрбиелік мәніне тоқталып кеткен жөн.
*Етістіктерді сөз құрамына талдайды.
*Етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.
- Аққуды атуға болмайды.
- Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
- Малды аяғыңмен теппе. - Нанды бір қолмен үзіп жеме.
- Сүт тағамдарын жерге төкпе.
- Ат - у - ға бол - ма - й - ды, бұз - ба, теп - пе, үз - іп же - ме, төк - пе.

Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?»
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді
Топылдатып аяқты
Шапалақтап қолымды
Басымды мен шұлғимын
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып, бір тұрып
Орнымды мен табамын.
3 - жаттығу. ІІІ - топ орындайды.
*Өлеңді мәнерлеп оқиды. Болымды етістіктерді тауып жазады.
* Болымсыз етістіктерді тауып бөлек жазады.
* Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады.
- оқып, жиып ал, тепкілесең,
- жет+пе+й+ді, кет+пе+й+ді, күй+ме+й+ді, ти+ме+й+ді, сүй+ме+й+ді.
- жұрнақтар арқылы жасалып тұр.

Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?»
Мақал - мәтелдер айтқызу.
4 - жаттығу.
*Берілген болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жаз.
*Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрастырып жаз. Мәтінге ат қой.
- Қозғалақта - ма, жалтақта - ма, жүгір - ме, көшір - ме, сығала - ма, мазала - ма, сыбырла - ма.
Оқушылардың құрастырған мәтіндерінен мысал:
Әженің ақылы.
- Асқарды әжесі күнде мектепке шығарып салады. Әжесінің күнде Асқарға үйден шығар алдында айтатын ақылы: - Асқаржан, партада отырғанда қозғалақтама, жан – жағыңа жалтақтама, дәлізде жүгірме, өз біліміңе сен, көршіңнен көшірме, мазалама, өзгенің дәптеріне үңіліп сығалама, сабақ үстінде тыныш отыр сыбырлама,- дейтін.
Ұйымшыл сынып.
- Біздің сынып өте ұйымшыл. Дөрекі қылықтарға еш әуестігіміз жоқ еді. 2 - ші сыныпта бізге жаңадан Еркін деген оқушы келді. Өзі сондай ұшқалақ, сабаққа нашар. Мұғалиманың күндегі айтатыны, қозғалақтама, жалтақтама, дәлізде жүгірме, көршіңнен көшірме, үзілісте өзге сыныптың есігінен сығалама, сабақ үстінде сыныпты мазалама, сыбырламай тыныш отыр - дейтін. Біз сынып болып, жиналыс жасап, Еркінді дұрыс жолға салуды жөн көрдік.

Есіл ауданы,
С. Серіков атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Лақай Риза

Болымды және болымсыз етістік. жүктеу
5 554
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
Болымды, болымсыз етістік
Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Бастауыш сынып мұғалімі: Жазира Жубанова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×