Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болымды, болымсыз етістік

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы білімдерін пысықтау, оның болымды, болымсыз түрлерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қасиеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілдерін құрметтеуге, бір - бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: активстудио

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасы:
А) 27 - жаттығу:
- Жалғасын тап.
- Туынды етістіктерді тап.
Ә) ЕТІСТІК
НЕГІЗГІ ТУЫНДЫ
*Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейді.
*Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейді.
Б) Суреттегі заттарды ата. Олар қай сөз табынан? Етістікке айналдыр. Қандай етістік жасадың?

ІІІ. Негізгі бөлім:
1. Кіріспе:
- Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
- Енді тақтаға назар аударайық.
- Берілген сөздерді топтап көр. Мағынасын түсіндір. Ол сөздердің айырмашылығын айт. (Активстудио: Шашылып жатқан сөздерді жұптап төмендегі жаттығу жұмысын орындайды)
ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ
КҮЛ – КҮЛМЕ
ТӨК – ТӨКПЕ
ЖАЗ – ЖАЗБА
БАР – БАРМА
ТАҚ – ТАҚПА
- Қосымшалы етістіктерді талда. Көшіріп жаз.
ЕРЕЖЕ ШЫҒАРУ, ЖАТТАУ:
Есіңе сақта!
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады:
ерінбе, бұзба, жұлма.
2. Оқулықпен жұмыс.
29 - жаттығу
- Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын айт.
30 - жаттығу
- Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса.
Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле, кес.
- Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың?
3. Сергіту.
4. Оқулықпен жұмыс:
Өздік жұмыс: (31 - жаттығу)
- Мақалдар құра, жатқа жаз:
1. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
2. Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан.
- Болымсыз етістіктердің астын сыз.
- Мақалдардың мәнін түсіндір.
32 - жаттығу
- Тыйым сөздерді оқы. Етістіктерді тауып, олардың болымды, болымсыз екенін айт.
33 - жаттығу
- Қазақ тілінде тәуелдеудің қандай түрі, неше жағы болады?
- Асықпа болымсыз етістігін тәуелдеп жаз:
Мен асықпадым ------------------- Мен асықпаймын
Сен асықпадың --------------------- Сен асықпайсың
Сіз асықпадыңыз ------------------- Сіз асықпайсыз
Ол асықпады ------------------------ Ол асықпайды
- Жонба, тиме деген болымсыз етістіктерді осы үлгі бойынша өзгертіп айт.

ІV. Қорытынды:
А) Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру:
Мысалы: Әсет қандай оқушы?
Ә - әзілқой, әдепті, әділ;
С - сезімтал, сымбатты, сыйлы;
Е - еңбекқор, епті;
Т - төзімді, тәрбиелі, тиянақты, томпақ;
Оқушы не істеді?
О - ойланды, оқыды, отырды;
Қ - қуанды, қозғалды;
У - уайымдады;
Ш - шынықты, шимайлады;
Ы - ынталанды, ысқырды, ынта қойды.
Ә) Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не? Берілген сөздерді топта. «Футбол» ойыны бойынша керек сөздерді қағып алу.

V. Үйге тапсырма:
34 - жаттығу
- Ребустың шешуіндегі сөз болымсыз етістік бола ала ма?
VІ. Бағалау.
10 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×