Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

13 ақпан 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Сабақта қолданылатын технология түрі: СТО элементтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Салалас құрмалас және оның түрлері туралы түсіндіру, ыңғайлас салаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мәдениетті сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбын, мақсатын айту).

2. Үй тапсырмасын тексеру
- Салалас құрмаластың жасалу жолдары?
- Салалас құрмалас жасайтын шылаулар?
- Берілген тапсырмаларын тексеру

3. Жаңа сабақ.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен әр түрлі мағыналық қатынаста болады. Соған орай оның 6 түрі бар.
Тақтада: Шахаң сыңғырлаған әдемі даусымен «Мақпал қараны» бастады, өзгеміз еріксіз қосылып кеттік. (ыңғайлас салалас)
Көктемде жаңбыр қалың жауды, сондықтан көк қаулап өсті. (себеп - салдар салалас)
Тәңірберген бірер рет тіл қатып еді, бірақ Еламан үндемеді. (қарсылықты салалас)
Көргендерін өзі айтар, я болмаса қызымнан сұрармын. (талғаулы салалас)
Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. (кезектес салалас)
Өмірдің өз заңы бар: қуаныш пен қайғы үнемі алмасып жатады. (түсіндірмелі салалас)
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнді қарым - қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.
Ыңғайластық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысу - қатыспауына қарай ыңғайлас салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.
1. Жалғаулықсыз ы. с.
А) Бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады. Мыс: Шай ішілді, тамақ желінді.
Ә) Әр мезгілде, яғни бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Мыс: Тұмарбай ағамыз қонаққа шақырған еді, Гаухар екеуміз соған бардық.
2. Жалғаулықты ы. с. және, да, де, әрі жалғаулықтары арқылы жасалады.
Мыс: Дарын домбыраны қағып - қағып жіберді де, Әлмеш «Бозторғайды» бастап кетті.
Енді әрі ағаштар да шірімейді, әрі біраз жер үнемделеді.
Асқар онша әнші жігіт емес еді және оның даусы да қоңыраулы болмайтын.
Көмірдей қара мұртын ширатып қойыпты әрі жаңа шығып келе жатқан шоқша сақалы бар.
Ескерту. Және шылауы қайталанбай қолданылады, одан кейін және әрі шылауы қайталанбай қолданылғанды үтір қойылмайды, да, де, та, те және әрі жалғаулығы қайталанғанда үтір қойылады.

4. Жаттығу жұмыстарын орындау.
97 - жаттығу. (ауызша)
98 - жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Қайсысы жай, қайсысы құрмалас сөйлем ажыратыңдар. Тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтаңдар.
Жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдерді, қайсысы бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұр?
Дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап - сары. (да, де шылаулары бірыңғай мүшелерді бай - п тұр, үтір бірыңғай бастауышқа, сызықша жалпылауыш сөзге қойылған)
Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды. (де шылауы ыңғайлас салалас құрмаластың жай сөйл - н байл - п тұр, үтір екі жай сөйлем арасына қойылған)
100 - жаттығу. Көп нүктенің орнына жай сөйлемдерді ойларыңнан қойып, ыңғайлас салалас
құрмалас жасаңдар.
Мыс: Ел орынға отырған кез еді, күздің қара суығы да басталып кетті.

5. Бекіту.
Карточкамен сөздер беріледі, әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға сөйлемдер жазады немесе оқиды.
Мыс: Бір, салынып, үй, жатыр, үй, жатыр, бұзылып, бір.
Жігіт, алдымен, қыз, кетті, соңынан, кетті.
Келісілген, Бәкең де, жерге, жетті, ар жағынан, Шалабай да, келді, ертіп, Бөженейді.
Жұмысы, олардың, ауыр, күндері де, демалатын, және, аз.

Сұрақтар қою:
- Салалас құрмаластың түрлері?
- Ыңғайлас салалас? Жасалу жолы?
- Бірыңғай мүшелерден айырмашылығы қандай? Тыныс белгілері қандай?

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. жүктеу
9 443
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту; Ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×