Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»

10 сәуір 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шыңғыстау етегінде дүниеге келген қасиетті тұлға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мәлімет беру.
Дамытушылық: Қазақ халқының мәдени ерекшелігін әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы шығармасымен таныса отырып, оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, «Бес саусақ» әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: жазушы портреті, шығармалары, слайд, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс. Орыс әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, ойларын жинақтап, назарларын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
Қосымша сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.
Сұрақ - жауап:
1. Шоқан Уәлиханов туралы не білдіңдер?
2. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
3. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
4. Мысықтың негізгі ермегі не?
5. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?
6. Шоқан қандай бала?
7. Шоқан Мысыққа өзінің қандай киімдерін берді?
8. Мысық ненің мүсіндерін жасады?
9. Сапарғали Бегалин кім?

ІІІ Жаңа сабақ
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (Сабақтың мақсатымен таныстыру, жазушы М. Әуезов туралы қысқаша мәлімет)
1. 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген.
2. 1908 - 1913 жылдары Семейдегі орыс гимназиясында оқыды.
3. 1923 жылы Ленинград университетінің филология факультетіне түседі.
4. 1945 жылы Қазақ ҚСР Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі.
5. Лениндік сыйлыққа ие болды.
6. Жазушының шығармалары әлемнің 27 тіліне аударылды.
7. 1961 жылы қайтыс болған.
2. Сөздікпен жұмыс. Тақырып бойынша сөздік жұмысын жүргізу.
А) берілген сөздерді оқу, түсіну, жаттау.
Ә) сол сөздерді дәптерге жатқа жазу.
Б) сол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
В) осы сөздердің синонимін, антонимін, омонимін табу.

3. Мәтінмен жұмыс.
А) Оқулықта берілген мәтінді оқу, түсіну.
Ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
4. Сын - тұрғыдан ойлау. Дұрыс – Бұрыс
1. М. Әуезовтің тұңғыш шығармасы «Абай жолы» роман - эпопеясы.
2. Жазушының шығармалары басқа тілдерге аударылған жоқ.
3. Қазақтың мемлекеттік академиялық театрына М. Әуезовтің есімі берілді ме?
4. Абайды әжесі Зере мен анасы Ұлжан тәрбиелеген жоқ.
5. «Абай жолы» роман - эпопеясы неше кітаптан тұрады?
Сабақты бекіту. Оқушыларды түрлі - түсті стикерлер арқылы үш топқа бөліп, «Бес саусақ» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
1 - топ. Тақырып бойынша Ұлжанның бейнесін ашу.
2 - топ. Мәтіндегі жалқы есімдерді табу.
3 - топ. Шығармадағы Абай бейнесі.

Үйге тапсырма. Үзіндіні оқу, мазмұндау, жаңа сөздермен жұмыс.
Бағалау.
Рефлексия кезеңі.
1. Сабақта не ұтымды болды?
2. Сабақта қандай қиындықтар кездесті?
3. Сабақ бойынша қандай тілектерің бар?

Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі». жүктеу
4 985
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жетім М. Әуезов
Жетім М. Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×