Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жетім М. Әуезов

05 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жетім» М. Әуезов
Мақсаты:
Білімділігі: Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажырата білуге, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау сұрақ - жауап, көрнекілік, деңгейлік тапсырма, ой толғау.
Сабақтың көрнекіліктері: М. Әуезовтің портреті, сөзжұмбақ, тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сыныпты түгендеу
3. Сабаққа әзірлік.
Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгін ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Олар – ұстаздар, ата - аналар. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
- Қазір қай сабақ?
- Қазір ана тілі сабағы.
Ана тілі айдыным,
Ана тілі ай - күнім.
Ана тілім болмаса,
Керегі не байлықтың?
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі - туған тіліміз ана тілі сабағы екен, олай болса, ана тілін кім қалай білетінін байқап көрелік. Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық.

ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ Жаңа материалмен жұмыс:
- Бүгін біз Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнымен танысамыз.
1) Ой қозғау.
- М. Әуезов кім? Ол туралы не білесіңдер?
- 2 - 3 сыныптардағы өткен әңгімелерін еске түсірейік.
- «Көксерек» әңгімесі есімізде ме? Бұл әңгімедегі басты кейіпкер кім?
- «Боран», «Әке арманы», «Жолда» әңгімелері қай романның үзінділері?

2) Мұхтар өміріне шолу. (Слайд)
1. Әуез қыстауы. Осы үйде Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен. Бұл қыстау кейіннен жөнделіп, жазушының мұражайына айналды
2. М. Әуезов – семинария оқушысы.
3. Жас Мұхтар үй іші мен достарының арасында.
4. Жазушының Алматыдағы мұражайының бір бөлмесі.
5. М. Әуезов жұмыс үстінде. 1939жыл
6. М. Әуезовтің кітаптары. («Абай жолы» 4 томдық, «Көксерек», «Қорғансыздың күні», «Қилы заман»)

3) Сөзжұмбақ шешу. (Слайд)

4) Сөздік жұмыс
1. Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік
2. Қаға беріс – шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
5) Оқулықпен жұмыс
“Тізбектей оқу” әдісі
6) Дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу. Сөздікті жазып алу.

III. Түсінгендерін тексеру.
Мәтінге жоспар құру:
1. Үш салт атты. Жалғыз жаяу
2. Қасымның қаралы күйге түсуі. Әжесінен айырылуы
3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы
4. Қасымның тауға қашуы.
5. Тау ішіндегі қорқыныш.
6. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.
Деңгейлік тапсырма
1. Жалғыз жаяу бала келе жатқан кездегі табиғат көрінісін тауып оқы.
2. Жанашыры жалғыз әжесі өлгендегі Қасымның қиналған жері.
3. Қасымның қаңғып кетуіне себеп болған жері
4. Әңгіме неліктен “Жетім”- деп аталады

IV. Сергіту жаттығуы
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

V. Ой толғау.
Авторға хат”
Сендер автор болсаңдар, осы әңгімені қалай аяқтар едіңдер?

VI. Сабақты бекіту. Топтастыру.
Пысықтау сұрақтары:
- Жетім кім?
- Қорлық көрсетуші кім?
- Қасымның тағдыры не болды?
- Әңгіме сендерге қалай әсер етті?
VII. Сабақты қорытындылау.
Кейіпкер моделі
Жетім М. Әуезов жүктеу
2 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Мұхтар Әуезов «Жетім»
Мұхтар Әуезов «Жетім»
Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М. Әуезовпен таныстырып «Жетім» әңгімесінің мазмұнын ашу. Сабаққа деген ұлы жазушыға деген сүйіспеншілік, қызығушылығын арттыру, оқушылардың жан - жақты ойлау дағдысын дамыту
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×