Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім және оның түрлері

23 мам 2018, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
А) Сын есім заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін, сын есімнің түрлерін оқушылардың естеріне түсіру, белгілі бір заттың түрлі қасиеттерін көрсетіп сипаттауға, талдауға үйрету.
Ә) оқушылардың ой – өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Б) Зейін қойып тыңдауға, тілді құрметтеуге, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс, ойын сабақ.
Типі: Өткен тақырыптарды пысықтау.
Әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, көрнекілік арқылы ойды түйіндеу.
Көрнекілігі: Жетондар, түрлі түсті парақшалар, сандықшалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару. Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Сабақ 5 айналымнан тұрады. Оқушылар жетондармен бағаланады. Қызыл - 5, көк - 4, сары - 5. Сабақтың соңында топ басшылары жетондарды санап, топтың жалпы бағасын шығарады. Екі топқа тапсырма беріледі.

«Ой қозғау»
1 - топқа. «Тапты» сөзінің түбіріндегі сөз, «қасқыр» сөзінің жұрнағы, «балалар» сөзінің жалғауы. (Тапқырлар)
2 - топқа. «Ойын» сөзінің түбірі, «сыншыл» сөзінің жұрнағы, «қаздар» сөзінің жалғауы. (Ойшылдар).
Осы табылған сөздер топтардың аттары болып саналады.

Үй жұмысын пысықтау.
1 - айналым. «Бәйге»
1) (10) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2) (20) Осы шақ дегеніміз не?
3) (30) Етістік дегеніміз не?
4) (30) Етістіктің қандай түрлері бар?
5) (40) Өткен шақ дегеніміз не?
6) (50) Келер шақ деген не?

Жаңа сабақ.
2 - айналым. «Тіл өнері»
1 - жаттығу. Ауызша орындалады. Мақал – мәтелдерден сын есімдерді табу. Қандай сын есім екенін айту.
1 - топ. Тілі тәтті,
Діні қатты.
2 - топ. Сабыр түбі – сары алтын.
2 - жаттығу. Көшіріп жазу. Дара, күрделі сын есімдерді табу. Өлеңге ат қою.
Адал екен десем мен
Қара ала мысық ұры екен.
Піскен сүтті кеседен
Жалап ішіп тұр екен.
3 - айналым. «Сиқырлы сандық»
Сандықшаның ішіндегі түрлі – түсті қағазға жазылған тапсырмалар орындалады. Көк парақшадағы бірінші деңгейдің, сары парақшадағы екінші деңгейдің тапсырмалары.
1 - топ.
1. Көк парақша:
Берілген сын есімдерді кестеге орналастыр.
Ақылды, тәртіпті, өнерлі, таза, күшті.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Бидайкөл ауылы №148 қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Бибігүл Фазылханқызы

Сын есім және оның түрлері. жүктеу
2 104
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сын есім
Сын есім
Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Зат есім
Зат есім
Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын молайту.
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×