Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық ауыз әдебиеті

12 қыркүйек 2018, Сәрсенбі
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған. Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой - санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болуына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей - кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең - жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро - эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл - парасатпен сенген, соларды мадақтаған.
Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.
Ауыз әдебиетінің түрлері
Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс - салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлы өрісін танытады.
Тұрмыс - салт әдебиетінің негізгі түрлері:
• тұрмыс салт жырлары;
• мақал - мәтелдер мен жұмбақтар;
• лиро - эпостық жырлар;
• айтыс өлеңдері;
• тарихи жырлар, шешендік сөздер.
Халық ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады.
4 174
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, арман -
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ертегілер
Ертегілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×