Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі

28 қараша 2018, Сәрсенбі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
5 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу.
А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік: Жаңа білім
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы тақырып: «Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын

Басталуы 5 минут
Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім - ай» би

Ортасы 20 минут
Білу және түсіну 10 минут
1. Батырлық туралы жырларда не туралы бейнеленеді? Батырлық
2. Қазақтың батырлары қазақ елінің қандай ұлдары? Ең ардақты
3. Жырлар қандай сөзбен айтылады? Көркем сөзбен
4. Батырлар жыры бізге қалай жеткен? Жатқа айтылу арқылы
5. Қандай жырларды білесіңдер? «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т. б.
Топтарға тапсырма:
(Мәтін бөліктерін тарату)
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу
Оқушылардан үйде ізденуге берілген тақырыптарын қалай орындап келгенін анықтайды. Оқушылар үйде қосымша ізденіп тауып келген мағлұматтарымен топ - топ болып пікір алмасады.

І топ: Қобыланды батырдың тарихтағы орны.
Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы.
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. Сондай - ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі жүктеу
22 991
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 6. 3. 1. 9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6. 2. 3. 4 – М. Х. Дулатидің «Тарихи - Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру; 6. 3. 1. 10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×