Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы

08 ақпан 2019, Жұма
Қазақ әдебиеті 11 сынып
Тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Мақсаты: «Мен - қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну, поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау
Міндеттері:.- Поэманың негізгі идеясын ашу.
- Поэма желісіндегі тұлғаларға тоқталу.
- Поэмадағы астарлы ойды топтық, жұптық жұмыстар арқылы көрсету.
- Өз бетінше тақырыпты ашуға ықпал ету.
Жетістік критерийлері а) Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі;
ә) тақырыпты аша алады;
б) білімдерін, бір - бірінің жауаптарын толықтырады. а) топпен бірлесе отырып өздерінің тың идеяларын ұсына алады;
ә) жеке тапсырмаларда белсенділік көрсетеді;
б) көшбасшылық танытады. а) Оқушылар поэмамен;
ә) өзіндік пікір білдіру және білімді өз беттерімен реттеу сынды іскерліктері байқалады;
б) ұжымда өз ойларын еркін және терең жеткізе біледі.
Негізгі идеялар: Поэманы өмірмен байланыстыру
Бағалау
Бағалау кестесі беріледі алдын ала сонымен топ басшылары балдарын айтады

Ұйымдастыру /2 мин/
Оқушыларды түгендейді, сабаққа дайындығын қадағалайды, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді
Үнтаспадан үзінді тыңдалады
Күннің шуағындағы «Мен кіммін?» сұрағына жауап беру арқылы күннің әр сәулесіндегі патриоттық сөздермен топқа бөлінеді (І топ – Көкбайрақты туым бар, дархан көңіл елім бар, байлығы бар жерім бар, жазиралы далам бар, биік белес тауым бар, әсем, көркем табиғатым тағы бар, сарқылмайтын өзен - көлім ол да бар - мен - қазақпын, ІІ топ – шешен сөйлер тілім бар, мұсылмандық дінім бар, ізгі дәстүр салтым бар, көпұлтты менің ұлтым бар, кеудемде намыс отым бар, еліме арналған үндеу бар, құндылығым және бар, рухани біз жаңғырып, болашаққа сенетін – мен - қазақпын, ІІІ топ – қаhарлы менің қыраным бар, бәйгеге қосар тұлпарым бар, қалықтап ұшар сұңқарым бар, ел қорғаған батырым бар, жыр арнайтын ақыным бар, ақылгөй дана ұлылар бар, қарттарым асыл қазынам бар, ел басқарған Елбасым бар – мен - қазақпын)
Мұғалім сөзі: Міне, күн шуағындағы мен кіммін сұрағына жауап алдық. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
Оқушылар: «Мен - қазақпын»
Мұғалім сөзі: Ал ендеше сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? Қалай ойлайсыздар?
(Оқушылар өз ойларын айтады, сосын мұғалім сабақтың мақсатын айқындайды.)

Білу және түсіну /8мин/
«Пицца» әдісі бойынша поэманың авторы ақын Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар дайындап, оған әр топ жауап береді.

1 - топ, 2 - топ, 3 - топ.
Бейнероликтен Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді тыңдайды

Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не? – Ұлт, халық
Негізгі идеясы қандай? - Халықтың өлмес тарихы, бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі.
Поэманың жанры қандай?- Лирика - публицистикалық стилде жазылған поэма.
Олай болса, сіздер бірінші поэманы іштей оқып, сосын коктейль таяқшаларымен жұпта бөлісіп, топта талқылап, «Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз бе? поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды деген сауалдар бойынша постер қорғайсыздар және поэманы оқу барысында өздеріңізге түсініксіз
1 - топ 1 - 4 бөлім
2 - топ 5 - 7 бөлім
3 - топ 8 - 9 бөлім

Батыс Қазақстан обылысы,
Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылы
Егіндібұлақ ЖОББ «мектеп - балабақша» кешенінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаннатова Әсемнұр Талғатқызы
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы жүктеу
2 516
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Мен - қазақпын поэмасының мазмұнын түсіну, поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы
Ж. Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен – қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж. Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Поэманы мәнерлеп оқу, талдау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой жүйелілігін дамыту; Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Ж. Молдағалиев туралы мағлұмат алады. Ар – ұят туралы өлеңнің негізгі идеясын түсінеді. Балалардың ой - өрісінің, сана - сезімдерінің қалыптасуына ықпал етіп, дүниетанымы кеңейеді, білім дәрежесі көтеріледі. Оқушылар адамгершілікке, абыройлы болуға
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×