Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қараторғай Ж. Аймауытов

17 ақпан 2019, Жексенбі
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қараторғай Ж. Аймауытов
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға мәтіннің негізгі ойын ашып түсіндіре отырып, қараторғай туралы білімдерін молайту. Автордың өмірбаяны, шығармашылығымен таныстыру.
2) Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыта отырып, қиялын ұштау.
3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, жан - жақты болуға үйрету. Құстардың пайдасы туралы түсіндіре отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстар суреті, тірек сызба, сюжетті сурет, сөзжұмбақ, автор суреті және қысқаша мәлімет.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, пікірлесу, топтық жұмыс.
Түрі: жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару. II. Үй тапсырмасын сұрау
1) «Шыбық» мазмұнын айту.
2) Еңбек тақырыбына мақал - мәтелдерді жатқа айту.
III. Үй тапсырмасын бекіту. Сұрақ - жауап
а) «Шыбық» шығармасының авторы
кім?
ә) Кейіпкерлерін ата.
б) Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?
в) Темір неге өкінді?
ІҮ. Жаңа сабақ
Мұғалім:
- «Шыбық» мәтініндегі оқиға қай мезгілде болған деп ойлайсыңдар?
(көктем мезгілінде)
- Көктемде туған жерге нелер оралады? ( жыл құстары)
– Олай болса, бүгін біз Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» шығармасымен танысамыз.
А) Авторды таныстыру.
Жүсіпбек Аймауытов - жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері. Ол 13 - 14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Қартқожа», «Ақбілек» тағы да басқа көптеген шығармалары бар.
Ол Торғай жерінде ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамында болып, осы кездерде жалған жаламен айыпталып, 1931 жылы өлім жазасына
кесілген.
Ә) Құстарды топтастыру
Үй құстары: қаз, үйрек, әтеш, күркетауық, тауық.
Жыл құстары: қарлығаш, қараторғай, аққу, тырна, шымшық, тоқылдақ.
Отырықшы құстар: торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан, көгершін.
(Тақтаға құстар суреттері ілінеді)
Қараторғай - дала құсы, ол бұлбұлдың әнінен үзінді айтып бере алатын шағын құс. Салмағы 75 грамм, дене тұрқы 23 сантиметрдей болады. Мойны қысқа, тұмсығы ұзындау, түсі металдай жарқылдаған қара, сол қара қауырсындарының арасынан ақ дақтарды кездестіруге
болады. Өздері жыл құсы, тек оңтүстікте ұялайтындары ғана тұрғылықты болып табылады. Ұялайтын жерлеріне, мәселен Қазақстан аумағына наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартастардың қуысына, шатырға немесе басқа жерлерге сала береді. Екі рет балапан басып шығарады. Күзде үлкен топ құрып, қыркүйек - қазан айларында қыстайтын жерлеріне қарай қайтады. Қараторғай зиянды насекомдарды, олардың дернәсілдерін көптеп жойып, ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді.
(Тақтаға төмендегі сызба ілінеді.)
Қараторғай

түсі қара
дене тұрқы шағын
жыл құсы
зиянды жәндіктерді көптеп жояды
екі рет балапан басып шығарады

Б) Оқулықпен жұмыс
1) Мәтінді тізбектей оқыту. ( Оқушылар түсінбеген сөздерінің астын қарындашпен сызып отырады)
2) Сөздік жұмыс.
3) Мәтін екіге бөлініп, іштей оқуға беріледі.
4) Оқушылар мәтінді оқып болған соң мәтін мазмұны сұралады.
5) Сұрақтармен жұмыс. Оқулықтағы сұрақтар оқылып, оқушылардың жауаптары тыңдалады.
6) Қазіргі кезде құстар қалай қорғалған?
Азайып бара жатқан құстарды атуға, аулауға тыйым салып, мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

В) Дәптермен жұмыс.
Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптерге жазады.
Сергіту сәті. Ойын «Ұшты - ұшты»
Оқушылар орындарынан тұрып қолдарын жаяды. Мұғалім ұшты - ұшты қаз ұшты десе қолдарын көтереді, егер мұғалім ұшпайтын зат атауын айтса қолдарын көтермей қалуы керек.
Ұшты - ұшты торғай ұшты,
Ұшты - ұшты торай ұшты.
Ұшты - ұшты шіл ұшты,
Ұшты - ұшты піл ұшты.
Ұшты - ұшты тарғақ ұшты,
Ұшты - ұшты тарақ ұшты.
Ұшты - ұшты қырғауыл ұшты,
Ұшты - ұшты сырғауыл ұшты.
V. Пікірталас.
1 - топ
Құстардың пайдасы туралы жазу.
Үй құстарының еті, мамығы, майы, жұмыртқасы пайдалы. Кей құстар зиянды дернәсілдерді жояды. Таңнан бізді әтеш шақырып оятады. Санитар құстардың пайдасы өте жоғары. Ертеде кептерлер пошта қызметін атқарған. Әнші құстар бізді үнемі қуантады. Үкі қауырсыны адамдарды түрлі жамандықтан қорғайды. Қаламсаптар болмаған кездерде біздің аталарымыз құс қауырсынымен жазған. Аңшылардың көмекшісі қырандар деп білеміз. Орман шаруашылығында, ауыл шаруашылығында құстар зиянды жәндіктер мен ұсақ кемірушілерді құртып көп пайда әкеледі. Құстардың еш зияны жоқ.

Сынып жетекшісі: Бегалиева Мария Серикбаевна
Қараторғай Ж. Аймауытов жүктеу
4 957
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ №1. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық №2. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату № 3. Тақырыбы: Мектеп біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер
Құмдағы құпия
Құмдағы құпия
Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру. Еңбек етуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой - өрісін, қиялын,
Фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу
Фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманжолова Гүлсім
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебінің мұғалімі Адамиянова Сағат Советқызы
Балапан мен мысық
Балапан мен мысық
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектеп Жумагалиева Роза Матжановна
Жүсіпбек Аймауытов "Қараторғай"
Жүсіпбек Аймауытов "Қараторғай"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанаева Болған Губайдуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×