Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары

01 мам 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
№1. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық
Мақсаты: Ы. Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру. Ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы. Алтынсарин туралы түсінік. Ы. Алтынсарин 1841 - 1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу.
б/ Дәптермен жұмыс
сөздік жұмыс жүргізу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? Тауып оқу
Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал - мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Бағалау.
№2. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату
Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.
2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.
3. Ата - ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.
ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу: Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.
Ү. Дәптермен жұмыс
Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?
Төмендегі сызбаға жаз.
Үйшінің қарт әке - шешесіне беретін ақшасы
Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты
ҮІ. Қорыту
Сен ата - анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 5 - 6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
№ 3. Тақырыбы: Мектеп - біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер
Мақсаты: Ө. Тұрманжановтың Мектеп біздің анамыз өлеңі мәнерлеп оқуға, Ж. Аймауытовтың өмірі жайыл түсінік бере отырып, Ыстық
қой, шіркін, туған жер тақырыбын оқып, түсіндіру. Тілін, ой - өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу. Туған жерін, елін, жерін сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Ж. Аймауытов, Ө. Тұрманжанов суреті.
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Өткенді қорыту: Таңғы тіршілік туралы әңгімелеу
ІY. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
Ү Жаңа сабақ: а/Ж. Аймауытов өмірімен таныстыру. ә/ өлеңді, тақырыпты мәнерлеп оқу. б/ сұрақтарға жауап алу. в/ сөздік жұмыс жүргізу. г/ Оқулықпен жұмыс.
тақырыпты оқу
1. іштей оқу
2. тізбектей оқу
3. тауып оқу /қуаныш, сүйсініс, өкініш, мақтаныш/.
Дәптермен жұмыс,
д/ Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру
Сұрақтар қоя отырып, туған жер туралы мақал - мәтелдер айту
ҮІІ. Қорыту: Бүгін не өттік? Ж. Аймауытов кім?
ҮІІІ Үйге тапсырма 1. тақырыпты түсініп оқып келу.
2. Бағалау.
3 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
ДҮНИЕТАНУ Дүниетану. 2 - сынып № 1. Тақырыбы: Адам өміріне не қажет? № 2. Тақырыбы: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар.
Баланың айласы
Баланың айласы
Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)
Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)
Ы. Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру. Ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспарлары 2 сынып
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспарлары 2 сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлеубаева Жанар Жолдыбекқызы
Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №220 мектеп Үмбетова Мәдина Әмірханқызы
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×