Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел ертеңін ойлаған Елбасы

18 ақпан 2020, Сейсенбі
Сабақтың мақсаты:
1. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
2. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу.
3. Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: панарамалық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыңдаушылармен амандасу. Ашық сабаққа қатысып отырған Тілдерді оқыту орталығының ұжымымен таныстырып өту. Сабақты бастамас бұрын суретті сөзжұмбақты шешкізу. Табылған сөз тақырыпқа тікелей байланысты.

Е







Л


Б





А





С






Ы















50
Сонымен сабақтың тақырыбы: Тұңғыш президент күніне арналған «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»
- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда болып отыр? Өйткені 1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Сабақ төрт кезеңнен тұрады.
І кезең. «Жақсы сөз жарым ырыс» (жаңа сөздерге байланысты тапсырмалар)
ІІ кезең. «Білгенің маржан» (мәтін бойынша жұмыс)
ІІІ кезең. «Грамматика әлемі»
ІV кезең. «Балалық шағымның аспаны» (кино үзіндісіне байланысты сұрақтар)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Біздің қаламыз» атты карта арқылы үй тапсырмасын тексеру. Ойынның шарты: Асықты картаның үстіне лақтырып, түскен тақырып бойынша бірнеше сөйлем құрастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
І кезең. «Жақсы сөз – жарым ырыс» (жаңа сөздер және сол бойынша тапсырмалар беріледі)
Жаңа сөздердің аудармасын айтыңыздар.
Елбасы – Президент
Ел – страна
Мемлекет – государство
Мемлекеттік тіл – государственный язык
Рәміздер - символы
Жолдау – послание
Тәуелсіздік - независимость
Тәуелсіз ел – независимая страна
Жетістіктер - достижения
1 - тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.
2 - тапсырма. Жаңа сөздерге сәйкес келетін сөз тіркестерінің астын сызғызу.
Ақылды қыз, Мемлекеттік рәміздер, қалың ой, үлкен кітап, Елбасының жолдауы, сүйкімді бала, сұлу қыз, жинақталған ой, Тәуелсіз ел, жаңа пәтер, Елбасының жетістіктері.
ІІ кезең. «Білгенге маржан» (мәтін бойынша жұмыс)
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
 (Тыңдаушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)
«Балалық шағы»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
 Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
 • 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.
• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР - дың тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - дың Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
 Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
1 - тапсырма. Сұрақ - жауап:

 
1. Елбасы қай жылы туды? (1940жылы 6 шілде)
2. Елбасының туған жері (Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында)
3. Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоқсан 1991 ж.)
4. 1991 жылы 1желтоқсанда кім сайладық? (Назарбаев Н. Ә.)
 5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қалай аталады? (теңге)
 6. Теңге қай жылы енгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
 7. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз? (Әнұран, Елтаңба, Ту)
 8. Оған Астана деген ат қашан берілген? (1998 жылдың 6 мамырында)
 9. Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)
 10. Отан қорғаушылар күні? ( 7 мамыр )
 11. Конституция күні? (30 тамыз )
12. Елбасы Қазақстан Үкіметін басқарғанда неше жаста болды? (44 жаста)
 2 - тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
6 шілде 1940 жылы Әнұран қабылданды
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілді
7 қаңтар 2006 жылы Тұңғыш президентті сайлаған күні
4 маусым 1992 жылы ҚР Тәуелсіздігі жарияланды.
10 маусым 1998 жылы Ұлттық валюта айналымға енді.
28 қаңтар 1995 жылы  Жаңа астананың тұсау кесері болды. 
15 қараша 1993 жылы ҚР «Ата Заңы» қабылданды. 
16 желтоқсан
 1991 жылы
Елбасының дүниеге келген күні
СЕРГІТУ СӘТІ.
ІІІ кезең. «Грамматика әлемі»
ГРАММАТИКА. Реттік сан есім.
Заттың саналу ретін, орнын, тәртібін білдіріп, нешінші? қаншасыншы? деген сұрақтарға жауап береді.
Жасалу жолы: Сан есім + - ыншы/інші, ншы/нші
Мысалы: он алтын – он алтыншы, жеті - жетінші
 1 - тапсырма. Мәтіндегі жылдарды реттік сан есім бойынша жазыңыз.
2006 жылы Екі мың алтыншы жылы














ІІІ кезең. «Балалық шағымның аспаны»
Елбасы туралы кинодан үзінді көрсетіледі және соған байланысты тапсырмалар болады.
Сұрақтар:

 
1. Мазарды қанша рет айналып өту керек?
2. Бала Сұлтанның шешесі түсінде нені көрді?
3. Түс жорушы адам қандай болжам айтты?
4. Сіз түсіңізге сенесіз бе?
5. Бала Сұлтан дүниеге келген күні ауа райында қандай өзгерістер болды?
6. Егер сіз әже немесе ата болсаңыз, немереңізді тәрбиелеуді өз қолыңызға алар ма едіңіз?
Тест

 
1. Мазар қайда орналасқан?
а) Мазар қаланың ортасында орналасқан.
ә) Мазар таудың етегіне орналасқан.
в) Мазар кең далада орналасқан.
 2. Қандай дыбыс естідіңіз?
а) аттың жүрісі
ә) баланың жылағаны
в) домбыраның дауысы
 3. Құранның сүресін кім оқыды?
а) Бала Нұрсұлтанның әкесі.
ә) Бала Нұрсұлтанның әжесі
в) машинада келе жатқан қарт адам
 4. Олардың Райымбек ата мазарына келу (түнеу) мақсаты.
а) күнәсін кешіруді сұрау
ә) әжесіне ұзақ өмір тілеу
в) ер адам мен әйел адамның балалы болуын сұрау
 Ал енді сіздер бір - бірлеріңізге мерекеге байланысты ізгі тілектеріңізді айтсаңыздар. Міне, осымен ашық сабағымыз өз мәресіне жетті. Ашық сабағымызға келгендеріңізге көптен - көп рахмет. Баршаларыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының
оқытушысы Шакаримова Гүлнар Кеңесқызы
2 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×