Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы

22 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Міндеттері:
Білімділік Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: бейнефильм «Балалық шағымның аспаны», слайд, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» Елбасының кітаптары.
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, бейнефильм көрсету, дәйексөз, көрініс көрсету, тапсырма

Тәрбие сағатының жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ой - қозғау
III. Әңгімелеу
IV. Бейнефильм
V. Сергіту сәті
VI. Көрініс «Нұрсұлтанның балалық шағы»
VII. Тапсырма «Елбасына тілек жазу»
VIII. Өлең тақпақтар
IX. Дәйексөз
X. Қорытынды

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1. Балаларды тәрбие сағатына дайындау, назарын өзіме аудару
2. Шаттық шеңбері хормен
Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде
Нұр ағаны
Туған жұрты қолдасын.

Ой - қозғау
1. Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?
2. Біздің президентіміз кім?
3. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Әңгімелеу
- Құрметті бүгінгі тәрбие сағатын қатысып отырған қонақтар, балалар!
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы деп аталады.
Балалар мен сендерге Елбасымыздың өмір жолымен таныстырып өтейін.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы. жүктеу
23 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×