Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылауды қайталау

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Қызылорда облысы,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебі,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы

Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушылардың шылау бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымын кеңейту, ойлау шеберлігін арттыру, теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушының сөйлеу мәдениетіне және талдауға алынған материалдар, мысалдар арқылы ақыл - ой, адамгершілік, ізеттілік имандылыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау - пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: деңгейлік саралау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, мазмұндау, талдау, жинақтау, топтастыру, «үш қадамды» сұхбат стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, Блум жүйесі, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал - мәтелдер туралы буклет, шылаулар тақырыбына арналған сызба, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиет

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығы, оқу - құралдарының толықтығы, оқушылардың сабақ бастауға көңіл - күйі, оқушы назарын толық сабаққа аударту.

Сабақты тіл туралы өлең шумақтарымен бастаймыз.
Қазақ тілі – Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан,
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған
Дұшпаның да бас иетін,
Тілің – ұлттық қасиетің.
Бір мен екі алмаңдар
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Бесті ғана армандар, - деген өлең шумағы арқылы оқушылардың пәнге, сабаққа қызығушылыған арттырып, тапсырмалар беру.

Қызығушылықты ояту
І. Ережені ескеріп «Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша
1. Шылау дегеніміз не?
2. Шылаулар сипатына қарай неше топқа бөлінеді?
3. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

ІІ. «Мақал – сөз мәйегі» шылаулар қатысқан мақал - мәтелдер табу
1 - оқушы: Ажал ақымақ үшін алтау,
Ақылды үшін біреу.
2 - оқушы: Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
3 - оқушы: Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң,
Малдың күйін сұрама,
Қонысынан ауған соң.

4 - оқушы: Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
5 - оқушы: Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
6 - оқушы: Адам бір терінің ішінде,
Толады да солады.
7 - оқушы: Қой асығы демей - ақ
Қолыңа толса, сақа тұт.
Жасы кіші демей - ақ,
Ақылы асса, аға тұт

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.
І деңгей. Сұраймын, тез жауап бер
Мәтінді оқып, мазмұнда. Сөйлемдегі шылаулардың астын сыз.
Атасы мен немересінің күні бойы серуендеуіне мүмкіндік туды. Таңданып, әрі қуанып та келеді.
Жылқыда Үсен қалды да, Қуаныш ағасы үйге келді.
Театрдан Нұрлан әрі қуанып, әрі сәл жабырқап шықты.
Аманның жерге түсіп, жаяу жүргісі келді де, бірақ – Қуаныш атын тоқтатпады.
Сараңдықты адамның ең бір жаман қасиеті деп білетін, сондықтан мүсінді суретші апайға ұсынды. (Бақытжан Момышұлы)

ІІ деңгей. Ойла, ойлан, ойландыр
Да, да, мен, бен, пен шылау болса бөлек жазылады, жалғау болса алдындағы сөзге жалғанады. Ажыратып жазыңдар.
Керімбала(мен) қосылып бауырсақ пісіріп, шай қайнатты.
Балабек(пен) Мұратәлі отын жарды.
Балабектің қуанышын(да) шек болған жоқ.
Мұғалім алақаны(мен( оның шашынан сипады.
Отын кесуге Жәукен мен Сарығызды(да) ала кететін болды.
Балабектің(де( барғысы келді. (Ғ. Нұрмағамбетов)

Мақал - мәтел мағынасын түсіндіріп, шылаулардың астын сызыңдар.
1. Озбыр олжа үшін өледі,
Күншіл күндеумен бөледі.
2. Жақсы дос үшін жан пида
3. Әділ би халық үшін,
Залым би құлқын үшін
ІІІ деңгей. Блум жүйесі бойынша тапсырма орындайды.
Білім Ереже
1 - оқушы: Шылау. Топтастыру әдісі

Түсіну
2 - оқушы. Мақал - мәтелді оқып, шылауларды сыз, түсініп ойынды қорытындыла.
1. Ақылды адам батпан - ақ,
Ақылсыз адам сасқалақ.
2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
3. Жақсы – ай мен күндей
Әлемге бірдей.

Қолдану
3 - оқушы. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қой.
Өз ұлың, өкпеге тепкілесең......... кетпес,
Кісі баласы кісендесең............. тұрмас.
Көрмес түйені........ көрмес.

Талдау
4 - оқушы. Талдау – табыс кілті.
Шашты күту аса қажет. Ол үшін шашты 7 - 10 күнде бір рет жылы сумен сабындап жуу керек.
13 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Шылауларды қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Шылауларды қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Шылау бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту; Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету
Шылауларды қайталау
Шылауларды қайталау
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
Қызылорда облысы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×