Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны (байқау)

25 қаңтар 2013, Жұма
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» байқауы
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым!
Ұлттың болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақ тәрбиесі - біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз.
Музыка.

Жүргізуші: Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін
Сезімтал мен зерегін таразылап көретін
Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.
Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
Жүргізуші: Арыстандай бабалар жолын қуған
«Баба жолын – ұлылық» деп ұғындырған
Сұлтандарға қарасаң елестейді
Айбарлы да айбатты Абылайхан,-
деп құрметті көрермен қауым, бүгінгі сайысқа түсетін жігіттерімізбен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Күй «Адай».
1 - нөмірлі Қожабаев Жандос 9в
2 - нөмірлі Акешев Имәнәлі 8а

Енді бүгінгі сайыстың өтілу ретімен таныстыра кетейін:
Сайыскерді таныстыру.
Сұрақ-жауап.
Өнер
Үйге тапсырмасы
Сән үлгісі
Кір тасын көтеру.
Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 3 - тік жүйемен белгіленеді.
Бастайық, сынайық біз тарландарын
Әр сыныптың сымбатты арландарын
Таныстыру ретімен бола берсін
Кезек күтіп, дайындал, қалғандардың!,- деп жігіттерді сахнадан қошеметтеп шығарып саламыз.
Ортаға білім сайысына түсуге барлық сайыскерлерді шақырамыз.
/Конверт таратылады/.
Ойлануға 1 минут уақыт берілді.
Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек,- дегендей ендігі кезекте үй тапсырмасы - қолөнер сайысы. Әр сайыскер өзінің қолдан жасаған бұйымын көрсетіп, қорғайды.
- Тарландарымыз келесі сайысқа түсуге дайындала берсін, құрметтеп шығарып салайық.
Музыка
Жүргізуші: Күлкі жайлы көп айтылады. Дегенмен оның адам өмірінде алар орнына қарай әділ бағаланса ләзім. Ол көңіл көтере отырып, ой тастайтын болса тіпті керемет емес пе?. Ендеше, сахнаға Еркін мен Мадиярды шақырамыз.
Көрініс.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Сән үлгісін көрсету».
Жүргізуші: 1. Мына алдарыңыздағы сән үлгісі «Дүниенің төрт бөлігін кезіп, жерұйық іздеген Қорқыт бабаның» бүгінгі ұрпағының образы. Қазақ елінің қайтсем жақсы өмір сүруге жетелеймін деген салиқалы ойдан туындаған сән үлгісі - түлкі, қарсақ терілерін қиюластыра әсемдеп жасалынған, әрі жылы, әрі қонымды.
2. Алдарыңызда қазақтың шабандоз жігітінің киімі. Қазіргі заманда спорттық жарыстарға шыққанда киюге қолайлы.
3.«Қазақ осы биік тұлғалы» деген, Есік қорғанынан табылған Алтын адам бейнесі. Жақұттай жалтылдаған бас киім, ақ түсті жейде, жайлы да төзімді өкшесіз мәсі тектес етік. Бұл сән үлгісі - әлемнің әр түкпірінде өз маңызын жоймайды.

Жүргізуші: Көп рахмет. Енді әділ қазылар алқасынан сұлтандардың ұпайының санын сұраймыз.
1 - нөмірлі Жандостың ұпайы

Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер
Жүйрік ат өрге салсаң өрмеленер,- деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер өз өнерін көрсетеді.
Сахнада 1 - нөмірлі Қожабаев Жандос, 2...
Жүргізуші: Дархан, Рустам, кел бері,
Ортаға шық, ілгері!
Шырқаңдар да билеңдер,
Жастық шақтың гүлдері!

Музыкалық номер:
Қалалық «Замана бұлбұлдары» байқауының жүлдегері - Желібаев Дархан мен Ахметов Рүстем
Енді қазылар алқасы сұлтандардың бағасын берсе. ...

Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың ең соңғы шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жігіттері кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ қазылар алқасы ақылдасқанша, алдарыңызда Ғалымбек Сабина өнерін көрсетеді.

Жүргізуші: «Батыр болған бабамнан
Ел қорғауды үйренген
Ару болған анамнан
Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
(Сегіз қыз лента алып шығады)

Жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасын
Қанаттарың талмасын
Жаман адам кез келмесін
Аяқтардан шалмасын
Жігер болсын көздеріңде
Қатардан еш қалмаңдар
Шат заманда, сүйікті елде
Биіктерге самғаңдар!
30 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" (2-сынып)
Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" (2-сынып)
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті, №9 балабақша – мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×