Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нағыз қазақ жігіті

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Нағыз қазақ жігіті
(сайыс)

Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
«Нағыз қазақ жігіті - 2013» тақырыбы, мақал - мәтелдер, гүлдер, шарлар қажетті құрал - жабдықтар, және т. б.
Байқауға қатысушылар: 9 - 10 сыныптар оқушылары

I - Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
II - Жүргізуші: Нағыз кәусар жігіті,
Нағыз қайсар жігіті,
Нағыз бұлбұл жігіті,
Нағыз дүлдүл жігіті,
Анықтайтын кез келді!

I - Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! –
дей отырып, ортаға «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (сайыскерлер ортаға шығады)

II - Жүргізуші: «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл - парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар! (қазылар алқасы таныстырылады)

I - Жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат – дей отырып, «Нағыз қазақ жігіті» байқауын әдемі бір әнмен бастасақ дейміз.

Ән «Туған жер» орындайтын 8 б сынып оқушысы Есқалиев Жамбыл

II - Жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! -
деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
I. Бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
II. Бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы
III. Бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы
IV. Бөлім «Сақидан таңдап алған саңлағым» тақырыбында (қызға сөз салу, әдеби жанр түрінде ғашықтық сезімін білдіру)
V. Бөлім «Құпия тапсырма»- (конвертке жасырылған тапсырманы орындау)

I - Жүргізуші: Ақыл - көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді -
деп, «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру сайысын бастайық.
(сайыскерлер өздерін таныстырады)

II - Жүргізуші: «Тегімді менің сұрасаң» атты бөлімі бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
І - Жүргізуші: Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекледі!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз. Сайыскерлеріміз өз өнерін көрсетеді.
Қазылар алқасынан сайыскерлеріміздің өз өнерінің бағаларын сұраймыз.

ІІ - Жүргізуші: Ей, ер жігіт, ер жігіт
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт
Күшіңді көрсет, ер жігіт -
дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күрес» өткізіледі.

Сайыскерлеріміздің «Қол күресінің бағаларын сұраймыз.
І - Жүргізуші: «Сақидан таңдап алған саңлағым» тақырыбында (қызға сөз салу, әдеби жанр түрінде ғашықтық сезімін білдіру)
Сайыскерлеріміздің бағаларын сұраймыз.
ІІ - Жүргізуші: «Құпия тапсырма» (конвертке жасырылған тапсырманы орындау) Барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
І - Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
Қорытынды бағаны қазылар алқасы ақылдасып шешкенше музыкалық сәлем жолдаймыз.
Ән «Мен қазақпын» орындайтын Жақсылықбаев Айдархан.
«Қара жорға» биі 5б сынып оқушылары.
ІІ - Жүргізуші: «Жүзден - жүйрік» күшімен
«Мыңнан - тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен
Шыққан Сұлтан мықтысың!
Қазылардың шешімімен мектебіміздің «Жігіт сұлтаны» жарияланды.
І - Жүргізуші: Құттықтайық ал енді,
Сұлтан болған баланы.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
ІІ - Жүргізуші: Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
9 495
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны байқауы
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу.
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Смадьярова Айгуль Ажагалиевна
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Ақтөбе қаласы «Сымбат» жеке мектебі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×