Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойындар (5-сынып)

09 ақпан 2013, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Ұлттық ойын түрлерін насихаттау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды есімдік, оның түрлерін дұрыс пайдалана білуге үйрету. “Ұлттық ойындар” тақырыбы бойынша жаңа сөздерді, сөз тіркестерді, сөйлемдерді меңгеру, оларды сөйлеуде дұрыс қолдана білу.
2. Дамытушылық: оқушылардың салыстыру, баяндау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылықтарын дамыту. Оқушылардың ауызша сөйлеу, сұраққа толық жауап бере білу қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, ұлттық ойын түрлерін үйренуге бағыттау.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекіліктер: Суреттер, карточкалар, кесте, интерактивтік такта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

Мұғалім: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін екі топқа бөлініп сайыс сабақ өткіземіз. Бүгінгі сабаққа қатысатын «Көкпар» тобы мен «Тұлпар» тобы.
Келесі кезекте топтар өздерін таныстырады.
1 - топ: Топтың аты - «Көкпар». Ұранымыз: «Талапты ерге - нұр жауар». «Көкпар» - ұлттық ойын түрі.
2 - топ: Топтың аты -«Тұлпар». Ұранымыз: «Хас жүйрікте мін болмас!» Тұлпар төрт түлік малға жататын, жүйрік ат.
Мұғалім: Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді?
Жауап: Есімдік түрлерін қайталау
Мұғалім: Ендеше, есімдік дегеніміз не?
Жауап: Есімдік дегеніміз зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылатын сөз табы. Мысалы: Айгүл келді дегеннің орнына – Ол келді, журналды оқы – мынаны оқы, Арманнан сұра – одан сұра т. б Есімдік бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді
Мұғалім: Ендеше, үй тапсырмасын пысықтау барысында ару қыздың есімдікті қайталау сұрақтарына жауап берейік.
(Оқушылар жәшіктен мына есімдіктерді алып, есімдіктің қай түріне жататынын айтады)

Есімдіктер: мен, олар, анау, мынау, кім, қандай, өзім, өзің, барлық, бәрі.

ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру:
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сөздікпен жұмыс:
Сөздік
ұлтттық – национальное
сала – отрасль
рухани – духовное
тұрмыс - быт
салт-дәстүр – традиции-обычаи
шаруашылық – хозяйство
қарым – қатынас – отношение
пайдалану – пользоваться
әлеуметтік жағдай – социальное положение

Оқимыз. Тыңдаймыз. Сөйлейміз. Мәтінге байланысты сұрақ – жауап.
1 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Қазақтың ұлттық ойындары – ескі заманнан бері келе жатыр. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның ұзақ даму тарихы бар. Кез келген ойыннан халық өмірін, тарихын көруге болады.
Қазақ халқының ойындары, тұрмысы, салт – дәстүрі, көбінесе төрт түлік малмен, әлеуметтік жағдаймен, адамдар арасындағы қарым – қатынаспен, еңбекпен, шаруашылықпен байланысты.

Мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Көтермек», «Түйілген орамал», «Айгөлек», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ», « Теңге ілу», «Қыз қуу» және тағы басқа.

Мәтінге байланысты тапсырма беріледі. (аудару, сұрақ - жауап, ойын ойнау «Көтермек», «Арқан тарту» ойындарын ойнап, екі топ жарысады.)

2 – тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.
Сен қазақтың ұлттық ойындарын білесің бе?
- Иә, білемін.
- Қандай ойындарын білесің? Атап шықшы.
- « Асық», « Ақсүйек», «Тобық», « Ханталапай»,
«Тоғызқұмалақ», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Түйілген орамал».
- Осы ойындар немен байланысты?
- Көбінесе төрт түлік малмен, еңбекпен, шаруашылықпен байланысты.
- Ұлттық ойындарда пайдаланылатын заттарды ата.
- Мал сүйегі, қой құмалағы, тиын, арқан.

3 – тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.
Семантикалық картамен жұмыс
Септіктер ------------------------сөздер
Атау септік --------------ақсүйек ----------спорт
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік

Тақтамен жұмыс
Перфокартамен жұмыс. (Перфокарта сызылады. Оқушылар ұяшықтағы сөздердің қай есімдік екенін тауып, белгілейді.)
№ Мысалдар Жіктеу есімдігі Сілтеу есімдігі Сұрау есімдігі Өздік есімдігі Жалпылау есімдігі
1. Менің кітабым
2. Барлық бала
3. Ешкім жоқ
4. Өз үйім
5. Осы мектепте
6. Бірнеше дәптер
7. Оның көйлегі
8. Кім келді?
9. Өзім барамын
10. Олар келді

Белгісіздік есімдігі
Болымсыздық есімдігі

Сергіту сәті: «Қаражорға биі» (Интерактивті тақтада қаражорға билеп жатқан қыздардың суреті және видео тұрады. Оқушылар сол видеоға қарап биді билейді.)

6 - тапсырма. Асты сызылған сөздерді жақша ішінде көрсетілген есімдік түрлерімен ауыстыр.
1. Екі бала аударыспақ ойнады. (Жіктеу есімдігі)
2. Арқан тарту ойыны өте қызықты.(Сұрау есімдігі)
3. Асқар, ойынды басташы. (Жіктеу есімдігі)
4. Қаптың ішінде асықтар бар.(Белгісіздік есімдігі)

7 - тапсырма:
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Қалада сөзі қай септікте тұр?
2. Сілтеу есімдігі.
3. Жыл мезгілі.
4. Төрт түлік мал.
5. «Спасибо» сөзінің аудармасы
6. – ны - ні қай септіктің жалғауы?
7. Аяқ киім
8. Отбасы мүшесі
9. Барыс септігінің сұрағы (Ортасынан "соқыртеке" деген ойынның аты шығады.)

Үйге тапсырма.
«Соқыртеке» ойыны туралы қосымша мәлімет жинап келу.

Рефлексия
Сақина тастамақ және теңге алу ойынымен байланыстырып, осы кестеге бүгінгі сабағымыздың қай кезеңі ұнағанын белгілеп шығайық. (интерактивті тақтада сақина және теңгенің суреттері болады. Оқушылар бір - бірден шығып, сақина мен теңгені ұнаған тапсырмасының астына тізбектеп жинайды.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 529
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойындар
Ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Алтыбақан», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Теңге ілу» және тағы басқалары. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Менің сүйікті спортшым
Менің сүйікті спортшым
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді түрлі қолданыста орынды қолдана білу Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылар жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Большой Изюм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жүнісова Салтанат Орымбайқызы
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×