Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойындар

06 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ойындар
3 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылар белгілі тапсырмаларды орындай арқылы жаңа сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтай алады. Өткен шақ, келер шақ етістіктерді еске түсіреді. Арнайы логикалық тапсырмалар арқылы логикалық қабілеттерін жетілдіреді.
Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс - тәсілдер: Синквейн әдісі, сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, грамматикалық ойындар, плакаттар, тақта, схема, кәртішкелер.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Түгелдеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
1. Оқушылардан қонақ туралы мақал – мәтелдерді жатқа сұрау.
Қонақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ІІІ Жаңа сабақ. Кіріспе
Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Біз екі топқа бөлініп сайыс сабақ өткіземіз. Жаңа сөздерді үйренесіңдер, оларды сөйлеу барысында қолдана білуге жаттығасыңдар, түрлі грамматикалық, логикалық тапсырмаларды орындайсыңдар. Бүгінгі сабаққа қатысатын 1 - топ «Тұлпар» мен 2 - топ «Сұңқар».
Оқушылар мынау – Асан.. Ол да бүгін жарысқа қатысуға келіпті. Ол мәреге бірінші жеткісі келеді екен, ол үшін мына жолда кездесетін тапсырмаларды тез әрі тиянақты орындау керек.
- Балалар, Асанға көмектесеміз бе?
- Балалардың жауабы........................
Қай топ көп ұпай жинайды, сол топ Асанмен бірге жеңіске жетеді.
«Қызығушылығын ояту»
- Ал, балалар назарларыңызды сөзжұмбаққа аударайық және оны шешейік.

1. Свинья, шошқа
2. Овца, қой
3. Лошадь, жылқы
4. Змея, жылан
5. Дельфин, дельфин
6. Лев, арыстан
7. Корова, сиыр
Бәрекелді, жарайсыңдар балалар!
«Ой қозғау»
- Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?
Балалардың жауабы:
- Ойындар.
- Сендер қандай ойындарды білесіңдер?
- Балалар «Қазақтың ұлттық ойындары» 4 түрге бөлінеді. Олар аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар.
Интерактивті тақта бойынша қазақ ұлттық ойындарымен танысамыз: «Асық», «Қыз қуу», «Бәйге», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Алтыбақан» т. б

IV. Cөздікпен жұмыс:
Ұлттық - национальное
Салт – дәстүр – традиции - обычай
Пайдаланады – пользуется
Жаңа сөздермен жұмыс: Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды буынға бөледі, буын түрлерін анықтайды және сөйлемдер құрайды.

V. Тапсырмалар:
1 ойын «Көкпар». Мәтінмен жұмыс. Әр топ кезекпен оқиды, аударады.
Ұлттық ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Алтыбақан», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Теңге ілу» және тағы басқалары. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты.

Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланады. Бұл ойындар өте қызықты.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі
2 ойын «Бәйге». Мәтін бойынша сұрақ - жауап.
- Қандай ұлттық ойындарды білесің?
- Осы ойындар немен байланысты?
- Олар жануарлардың нелерін пайдаланады?
3 ойын «Жасырынбақ». Логикалық қабілеттерін жетілдіру. Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, ұлттық ойындардың атауын құрастыру.
Ойындар жүктеу
2 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерісрері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Спорт киім. Тұйық етістік
Спорт киім. Тұйық етістік
Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Большой Изюм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жүнісова Салтанат Орымбайқызы
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×