Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Елім бар да», «Анау – аспан, мынау - бақ»

07 наурыз 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Елім бар да», «Анау – аспан, мынау - бақ».
Сабақтың мақсаты: 1) ақынның өмірі, шығармашылығын таныстыру, өлеңдерінің тақырыптық - идеялық негізін, жанрлық ерекшелігін таныту;
2) оқыған өлеңдеріне талдау жасай білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге шығармашылыққа жетелеу;
3) қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант Мұқағали бейнесін, шығармашылығын құрметтеуге, ұстанымын үлгі етіп ұлтжандылыққа, шындықты қадірлеуге, поэзияны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Қ. Бітібаеваның жобалау технологиясы, өлеңге поэтикалық талдау, гипотеза болжам жасау әдісі, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, аудиожазбалардағы өлеңдері, өз дауысымен жазылған жазбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: М. Мақатаев – ғажайып, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. Мұқағалидай перзенті бар қазақ елі шынымен де бақытты!
Өткен сабақта М. Мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңімен таныс болдық.

1. М. Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Туған жер табиғатының ақын талантына, мінезіне әсері болды ма?
3. «Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы, идеясы қандай?
4. Өлеңнің құрылысы жайлы не білесіңдер?
5. Ақын халқына қандай тілек айтады? (слайдтан Бітібаеваның болжам жасау кестесін көрсету)
Жаңа сабақ. Сабағымыздың бүгінгі мақсаты - ақын өмірінен неғұрлым көп мәлімет алып, «Елім бар да», «Анау – аспан, мынау - бақ» өлеңдерімен танысу.
Слайд арқылы ақынның туыстарын, баласы Жұлдыз көрсетіп естелігін тауып әкелгенін оқыту.
Фазымова Аяулым

Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы - ең бірінші табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, әжесі қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дейтін. Әңгімелескен адамнан тереңдік іздейтін, ол адам көңілінен шықпаса ренжіп таяз дейтін.
Толқынбек Берген
Жары Лашын апа: «Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болған соң күлімдеп, анам екеуімізге оқып беретін. Ол күз мезгілін жақсы көретін. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда қолынан қалам түспейтін. Көктемде сайрандадық, жасардық, күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін.»
Ақынның жарыққа шыққан өлең кітаптары: «Дариға жүрек», «Шолпан», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Бәсіре», «»Күнделік, «Өмір - өзен», «Жырлайды жүрек»,«Аққудың қанатына жазылған жыр».
Ақын өз дауысымен оқыған өлеңін тыңдату.

«Мұқағали мұрасы, маржан поэмасы - болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы» деп Зейнолла Серікқалиев айтқандай ақынның әдебиет өнеріне қосқан үлесі қандай екен тақтаға назар аударайық.
«Мұқағали рухына бас иейік!» бейне сюжетті көрсету («Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдату.
1.«Елім барда» мәнерлеп оқу.
2. Тақырыбы: Туған ел, Отан.
3. Идеясы: Ақын еліне деген сүйіспеншілігін көрсету арқылы оқырманын елжандылыққа, елін - жерін сүюге тәрбиелейді.
4. Жанры: Лирика. Неге екенін дәлелдету.
5. Қанипа Бітібаева технологиясы арқылы құрылысына, көркемдігіне талдау жасату
Өлең аты ---- Бунағы----- Буыны------ Шумақ------ Ұйқас-------- Көркем сөздер

Риторикалық сұрақ
6. «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңде қай жыл мезгілін суреттелген. Сөздік жұмысы.
Ақын суреттеуіндегі қыс мезгілі: қу бұтағын құшақтаған кәрі емен, дәрігер қыс, тазалық, жалаң аяқ жылап, өкініш, тал - қайың, өлең
Қанипа Бітібаеваның жобалау технологиясы бойынша гипотеза (болжам) жасау әдісі
Автордың баяндауы Оқушы болжамы
1. Аспан жердің арасын,
Дәрігер қыс алуда,
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
2. Тоңдырып ап маңдайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп тал - қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
3. Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс - аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең.

Қай ақын қыс туралы өлең жазған? Ендеше екі өлеңде табиғаттың бір мезгілі суреттелген. Табиғатты жансыз затты адам кейпінде суреттеу қалай аталады?
Венн диаграммасы арқылы екі өлеңді салыстыру. Ортақ кейіптеу тәсіліне ерекше назар аударту.
Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп Абайды үлгі еткен ақиық ақынның өмірі жыр болса, жаны әнге құмар еді. Ақынның көптеген өлеңдеріне композиторлар ән шығарды.
Шығармашылық жұмыс. Музыкалық кідіріс жасап, Мұқағали үлгісімен жазылған өлең шумақтарын оқыту.
Қалиасқарова Томирис
Кіндік қаным тамған жерім
Асау - асау көркем белің,
Өзіңді аялап өтейін мен
Байтақ елім, Қазақ елім!
Бейсенбеков Сымбат. «Мұқағалиға арнау»
Мұқағали,
Елеңбедің қатарыңнан шет қалдың,
Сырларыңды дәптеріңе ақтардың
Дәл бүгінде сайрап жатқан секілді
Бұлбұлдары сен дем алған бақтардың
Сен тірісің мәңгілік, мәңгіліксің.

Бағалау.
Үйге тапсырма: Достық деген адамның көрігі екен.. Жалғастырып ұйқастырып жазып келу. Ұнаған бір өлеңін жаттап келу.
Қорытындылау.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев.
18 531
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа,
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай отырып, ақынның поэзиясына талдау жасап өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 жалпы орта білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×