Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тараз қаласы, Ю. Гагарин атындағы
№29 орта мектебі қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Бекназарова Жарқынай

Қазақ әдебиеті 6 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері.

Мақсаты: ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай отырып, ақынның поэзиясына талдау жасап өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру.

Міндеттері: 1. Әдеби тіл нормасын меңгерген, шығармадан алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыра алатын, логикалық ойлау қабілеті қалыптасқан, жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
2 оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау, ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеуге ақын шығармашылығы арқылы үйрету.
3. поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, елін, жерін сүюге, әнді, өлеңді қадірлеуге, табиғатқа деген мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мұқағали ақынның өлеңдерінің мазмұнын, идеясын түсініп, шабыттанған оқушы қалыптасады.

Әдіс – тәсілдер: Топтық оқыту, Концептуалды кесте, Дискуссиялық сұрақтар, Венн диаграммасы, Сатылай кешенді талдау, Кейіпкерге хат.

Көрнекіліктер: «Аңыз адам» журналы, Интерактивті тақтадағы слайдтар, постерлер, маркер, стикер, смайликтер, «Бағдаршам» түстері

Ұйымдастыру кезеңі ( 1 минут)
Оқушылардың сабаққа жақсы дайындықпен, ынтамен кірісуі үшін психологиялық даярлық жүргізу. Оны көңіл - күй смайликтерін көрсетуді тапсырамын.

«Өлең шумақтары» әдісімен топқа бөлу. М. Мақатаевтың «Қара өлең» өлеңінің шумақтарын пайдаланамын. Оқушыларды топтарға бөліп, топ спикерін сайлатамын. Бағалау парағын беремін.

Үй тапсырмасы. М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы.
Ақынның күнделігінен үзінді жаттау.

«Бағдаршам» арқылы бағалатамын.

Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту (7 минут)
Дискуссиялық сұрақтар
Дискуссиялық сұрақтар Ия Жоқ
1. М. Мақатаев 1931ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.
2. «Қайырлы түн» өлеңі оқу, білім туралы жазылған.
3. Мұқағалидың ұрпақтары бар.
4. Мұқағали поэма жазбаған.
5. Ақынның жары Лашын Әзімжанова.
6. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұхаметқали.
7. Ақын жоғары білім алған
8. Ақын орыс ақындарымен жақын араласпады.
9. Ақын өлеңді 20 жасынан бастап жаза бастады.
10. Жарық көрген кітаптары бар.
11. Мұқағали ақын «Аққулар ұйықтағанда» дастанын Ғ. Мүсіреповке оқып бергенде, ол кісі алтын қаламын сыйға тартқан.
12. Ақын өте жуас, момын адам болған.
13. М. Мақатаев шығармаларды қазақ тілінде сөйлетті.
14. Мұқағалидың 100 шақты өлеңдеріне ән жазылған.
15. Ақынның үш бақыты бар.
16. Мақатаевтың «Саржайлау» өлеңіне ән жазған композитор Н. Тілендиев.
17. Тараз қаласында М. Мақатаев атына көше, мектеп берілген.
18. Мұқағали өлеңге «Шекпен жауып қайтарамын» деген.
19. Мұқағалидың ата - анасы бар.
20. Мұқағали қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды.

Мағынаны тану (8 минут)
Топтарға тапсырма беру. Постермен жұмыс.
1 - топ «Елім барда» өлеңін кітаптан мәнерлеп оқыту Өлең не жайында жазылған? Ақын Отанына, еліне деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?, Сатылай кешенді талдау жасату.
2 - топ «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, өлеңнің құрылысына талдау жасату.
Өлеңде қыс көрінісі қалай суреттелген?
Табиғатты адам кейіпінде суреттеу көріктеудің қай түріне жатады?
3 - топ Өлеңдердің құрылысына талдау жасау.
4 - топ Концептуалды кесте ақынның екі өлеңіне кесте жасау.

Сергіту сәті (1 минут)
М. Мақатаевтың алтын қорда сақтаулы өз даусын тыңдату.

Сабақты бекіту (5 минут)
Топтарға өздерінің постерге жазғандарын тақтаға ілдіртіп, қорғатамын. Әр топ өкілдерінің қорғауы мұғалімнің «бағасы» арқылы бағаланады.

Ой толғаныс (5 минут)
Кейіпкерге хат. Оқушыларға ақынға арнап хат жаздыру. Өз армандары мен ойларын білдірту.

Кері байланыс
Бағалау (3 минут)
Оқушылар ақынға арнап жазған хаттарын оқып жатқанда, сынып оқушыларына стикер таратамын. Сол стикерге әркім өз аттарын жазып «Бағалау критерийі» парағына жабыстырады. Сабақтың өту барысы жайлы пікірлерін кері байланыс парағына жазады. Осы аралықта топ спикерінен бағалау парағын алып, ең жоғары бағаға ие болған оқушыларды атап, сумативті бағалаймын.

Сабақтың модульдері:
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер, СТО, АКТ, ОҮБ, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Толық нұсқасын жүктеу
5 533
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев "Елім барда", "Анау - аспан, мынау - бақ"
Мұқағали Мақатаев "Елім барда", "Анау - аспан, мынау - бақ"
Ақын өлеңдерінің көркемдік қуатын, мәнін жете түсіндіру, өлеңдердің тақырыбы мен идеясын ашу; Шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)
Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 жалпы орта білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы
Мұқағали Мақатаев «Елім  бар да», «Анау – аспан, мынау - бақ»
Мұқағали Мақатаев «Елім бар да», «Анау – аспан, мынау - бақ»
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сатпекова Гульфира Маркенқызы
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
М.Мақатаев Қара өлең
М.Мақатаев Қара өлең
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиева Ағила Серікқызы 6-сынып Тақырыбы: М. Мақатаев «Қара өлең»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×