Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов Көксерек

15 наурыз 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;
2. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
3. Табиғатты қорғауға, аялап баптап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді бекіту, сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Эпиграф
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап
Аспан қалай ашылмақ.
Назым Хикмет

ІІ. Бекіту. Бүгінгі сабағымыз 3 кезеңнен тұрады.
І. Талдау.
ІІ. Жалғау.
ІІІ. Самғау.

І кезең. Талдау.
• Шығарманың авторы кім? Мұхтар Әуезов.
(Тірек – сызба бойынша сөйлеу)
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері
Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік
• Тақырыбы бойынша видео материал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)
• Тірек – сызба бойынша сөйлеу.
• Шығарманың композициялық жоспарын құру.
1. Оқиғаның басталуы — Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.
2. Байланысы - Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы - Қарадыр еліндегі мазасыздық
4. Шарықтау шегі - Құрмаштың қазасы
5. Шешімі - Көксеректің жазасын тартуы.

ІІ кезең. Жалғау.
• Видео материал «Көксерек» 1 минут
Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер:
Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.
Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1. Көксерек Қараадыр ауылында.
2. Көксерек – түз тағысы.
3. Жекпе – жек.

• Топтық тапсырмалар орындау. (жеке оқушылар карточкамен жұмыс жасайды)
1 - топ.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

2 - топ. Бес жол өлең стратегиясы. Синкуэй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1. Қасқыр
2. Жыртқыш, қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр - түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі, көкжал.
1. Аңшы
2. Қырағы, сақ
3. Атады, көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.

3 - топ. Венн диаграммасы.
ІІІ кезең. Самғау.
Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
Тақырыптар:
1. Жазушымен сырласу,
2. Табиғатқа тіл қату,
3. Адамдарға үн қату.

ІІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
ІҮ. Үйге тапсырма беру. «Көксерек – табиғатың тағы перзенті» шығарма жазуға дайындалу.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
38 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау; 2. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Ендеше табиғат
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
[right]Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утепова Нурбала Узакбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×