Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)

15 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
36 - сабақ. М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
37 - сабақ. Көксерек - табиғаттың тағы перзенті
38 - сабақ. С. Мұқанов (1900 - 1973)
39 - сабақ. С. Мұқанов «Есіл бойында»
40 - сабақ. С. Мұқанов «Саятшы Ораз»


Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов
«Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Сабақтың мақсаты:
а) әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;
ә) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген М. Жұмабаевтың шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
(Иә, әдебиет өміртану құралы. Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді.).

Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
Табиғат

Қоршаған орта
Халық қазынасы
Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс - әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс - әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
1. Оқиғаның басталуы — Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.
2. Байланысы – Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы – Қарадыр еліндегі мазасыздық
4. Шарықтау шегі – Құрмаштың қазасы
5. Шешімі – Көксеректің жазасын тартуы.
( суреттері көрсетіліп, тұсына тақтаға ілінеді)
Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә, қасқырлар мен адамдар.)
Олай болса, біз қазір топ болып, екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.
Адам

Тірі ағза
еңбектенеді
сөйлейді
ойлайды
оқиды
перзент
қоректенеді

Қасқыр

жыртқыш
ит - құс
бөрі
қомағай
табиғат перзенті
Дала тағысы
дала санитары

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Толғаныс. Синку - эй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1. Қасқыр
2. Жыртқыш, қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр – түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі, көкжал.

1. Аңшы
2. Қырағы, сақ
3. Атады, көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.

Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал - мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген
сұрақтарына жауап беремін.
1. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді, жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
22 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау; 2. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Сәбит Мұқанов «Есіл бойында»
Сәбит Мұқанов «Есіл бойында»
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, №164орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Әбілтанова Маржан
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
[right]Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утепова Нурбала Узакбаевна
Мұхтар Әуезов Көксерек
Мұхтар Әуезов Көксерек
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×