Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киіз үй

15 наурыз 2013, Жұма
Сабақтың мақсаты: Біз бүгін сабақта киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдықтары туралы білімімізді жүйеге келтіріп жинақтаймыз. Киіз үйдің қазақ халқының өмірінде алатын орны. Бұл тақырыпты терең түсіну үшін Шоқан Уәлихановтың «Киіз үй» әңгімесіне тоқталамыз. Грамматикалық тақырып етістіктің шақтарын қайталап, бекіту.
Сабақтың түрі: Ауызша журнал түрінде.
Сабақ диалогтан басталады, киіз үйге шетелден қонақтар келеді. Диалогтың негізгі тақырыбы қонақтар киіз үй туралы сұрақтар қояды, үй иесі қонақтарды ас піскенше сабаққа шақырады, сабақта сұрақтарыңызға толық жауап алатын айтты.

Журналымыздың бірінші беті.
Киіз үй халықтың ежелгі баспанасы.
Қазақ халқының ежелгі баспанасы, өнер туындысы. Киіз үй көшпенділер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктен үйлесімді шағын әлемі туралы бізге Динара айтып береді.
Журналдың екінші беті.
Киіз үйдің тарихы.
Қазақ халқының тарихы бай, олай болса киіз үйде тарихқа бай, себебі олар өмір бойы халықпен бірге жасасып келеді. Киіз үйдің тарихы туралы өз зерттеу жұмысының қорытындысын Илона айтып береді.
Журналдың үшінші беті.
Шоқан Уәлихановтың «Киіз үй» әңгімесі
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым, кемеңгер, ойшыл азамат, ер жүрек саяхатшысы туралы, өз зерттеу жұмысы туралы Виталий ашып береді.
Журналдың төртінші беті.
1. «Киіз үй» әңгімесінен үзіндіні Алена айтып береді.
2. «Киіз үй» әңгімесінен үзіндімен жұмыс.
Берілген мәтінді қалай бекіткенін тексереміз, сөздік жұмыс.
Бейімделген –
Ауқатты –
Сәулетті –
Киіз –
Шаңырақ –
Кереге –
3. Мәтінге сұрақтар қоямыз.
4. Енді етістіктің шақтарына тоқталамыз.
1-қатарға жазбаша жұмыс етістікті тауып, анықтау.
Киіз үйдің ағаш қаңқасының үстіне киіздерді жабады. Ауқатты қазақтардың үйінің ішін жібек маталармен безендіреді. Киіз үйдің сол жақ босағасында аңшылыққа қажет саймандар ілініп тұр.

2- қатарға
Қос киіз үй бір аттың үстіне сыйып кетеді. Төрде абдыралардың үстіне үш – төрт қатар көрпе – төсек жиналып тұр. Туырлық пен керегенің арасында әр түрлі әдемі жіппен тоқылған ши ұстайды.
Етістіктің нақ осы шақтың күрделі түрінде қандай жұрнақтары бар?
Келер шақтың қандай жұрнақтары бар?
Өткен шақтың қандай жұрнақтары бар?

Журналдың бесінші беті.
1. Киіз үйдің құрастырылуы туралы Анастасия айтып береді.
2. Киіз үйдің киізін жабу туралы Анастасия айтып береді.
3. Киіз үйдің түрлері.
Қазір біз киіз үйдің түрлерімен танысамыз, олар түсіне қарай, оңай қолданылуына, ата тегіне байланысты түрлері туралы Евгений айтып береді.

Журналдың алтыншы беті.
1. «Сөздің көркі мақал» - деген аталы сөз бар. Адам сөйлегенде мақалдың көмегімен ұтымды да ұнамды өз ойын жеткізе алады. Көп мақал білген кісінің сөйлем әсем де әсерлі болады. Біз киіз үй тақырыбына қандай біледі екенсіздер соны тексереміз.
2. Осы тақырыпқа байланысты тестік жұмыс.

Журналдың жетінші беті.
Қорытынды. Бізге сабақта қонақтар отыр, олар сұрақтарына жауап алды ма, соны тексереміз.
1. Қазақ халқының ежелгі баспанасы қалай аталады?
2. Қазақтар «киелі қара шаңырақ» деп неге айтады?
3. Киіз үй неге дөңгелек деп ойлайсыз?
4. Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?
5. Киіз үйдің қандай түрлері болады?
6. Киіз үйдің есігі әдетте қай жаққа қарайды?
7. Киіз үйдің шаңырағы қандай қызмет атқарады?

Қортынды.
Бүгінгі күні киіз үй кеңінен қолданылады деуге болмайды. Киіз үй тек қана ауыл шаруашылығында Оңтүстік Қазақстанда, ұлттық мейрамдарда, той – думандарда, шет елден қонақтар келгенде, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету үшін қолданылады. Киіз үй ұлттық ерекшелігіне байланысты, көбінесе рәміздік ретінде қолданылады. Киіз үйдің рәміздік мағынасы туралы Олег айтып береді.
Шаңырақтың ортасындағы шаңырақ, үш жүздің бірлігін, ынтымақтастығын білдіреді және Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Қазір көп ұлтты халықтар «Қазақстан» деген шаңырақтың астында, ашық аспан астында тату – тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Баймағамбет сұлтан Шернияз ақынға «Сен ақын болсаң, осы киіз үй туралы өлең шығарып көрші».- депті. Шернияз ақын шығарған өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз.
8 095
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киіз үй
Киіз үй
Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
Киіз үй
Киіз үй
Сан ғасырлар бойы қазақ халқының баспанасы болған киіз үйдің құрылымымен, маңызымен таныстырып, етістіктің шақтарының жасалу жолдарын қарастыру;
Киіз үй
Киіз үй
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Киіз үйді бейнелеу
Киіз үйді бейнелеу
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Октябрь ауылы, № 1 Қазанбасы орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Брахметов Мырзағазы Ерханұлы
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Киіз үй
Киіз үй
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бактыгожина Альфина Сагадатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×