Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Қыс»

06 сәуір 2013, Сенбі
Қазақ әдебиеті. 5 - орыс класы
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты: А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысу
Білімдік мақсаты: А. Құнанбаевтың өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер беру, “Қыс” өлеңімен танысу, талдау
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, сөздік қорын, сұраққа дұрыс жауап берулерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты:
Ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке
тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, талдау, мағынаны тану, ассоциация, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын туралы деректер (слайд)
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі

І. Ұйымдастыру
(Балалардың сабаққа қатысымын тексеру)
ІІ. Өткенге шолу
“Қызығушылығын ояту”
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе
Ой қозғау
“Мағынаны таны”
(1. ақын өмірінен деректер)
(2.”Қыс” өлеңімен танысу)
(3. Сөздік жұмысы)
ІҮ. Бекіту
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау

Барысы
І. Ұйымдастыру
(Балалардың сабаққа қатысымын тексеру)
ІІ. Өткенге шолу
“Қызығушылығын ояту”
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Қай жерде дүниеге келді?
3. Оның атасы кім?
4. Ол не ашты?
5. Қандай кітап жазды?
6. Оның достары кім?
7. Кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды?
8. Қай жылы қайтыс болды?
9. Тағаны кім алды?
10. Не сатып алды?
11. Таға орысша қалай болады?
12. Таға қандай еді?

ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру
Ой қозғау
Абай Құнанбайұлы туралы бастауыш сыныпта не өттіңдер?
Ол кім?
“Мағынаны таны”
Абай Құнанбаев өмірінен деректер(слайд)
Абай

Ақын
Сазгер
Аудармашы
Ойшыл
Әжесі - Зере
Анасы - Ұлжан
Әкесі - Құнанбай

Абай туралы ойлар
«Әкемiздiң бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ iшiнде Абай деп атайды, сол кiсi мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кiсi еді".
Ш. Құдайбердіұлы
“Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ баласында біз бiлетiн ақын болған жоқ".
(А. Байтұрсынұлы)
“Сөзің асыл - баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес".
(М. Жұмабаев)

Аудармашы
Пушкиннің “Евгений Онегин”шығармасынан үзінділерді
Лермонтовтың “Бородино”, “Теректің сыйы”, “Жалау”, “Жартас”, т. б.
Крыловтың “Бақа мен өгіз”, “Шегіртке мен құмырсқа”,”Есек пен бұлбұл” т. б. Мысалдарын аударды.

Ақынның поэмалары:
“Ескендір”
“Масғұт”
“Әзімнің әңгімесі”

Өлеңдері
“Ғылым таппай мақтанба”
“Әсемпаз болма әрнеге”
“Интернатта оқып жүр”
“Сабырсыз арсыз еріншек”
“Қыс” “Қараша, желтоқсан мен сол бір, екі ай”т. б
Сендердің оқулықтарыңда ақынның «Қыс» өлеңі берілген.

“Мағынаны таны”
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Оқушыларға оқыту.
3. Сөздік жұмысы
Ақ киімді - в белой одежде
Денелі - крупный, рослый
Ақ сақалды - белобородый
Соқыр - мылқау - слепой - немой
Үсті - басы - внешность
Ақ қырау - белый иней
Түсі суық - грозный вид

ІҮ. Бекіту
1. Абай ақынның суреттеген қысы қандай?
( Ассоциация жасау)
Қыс

түсі суық
денелі
ақ сақалды
соқыр - мылқау
ақ киімді

2. Жұмыс дәптерінде орындау
“Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздермен жұмыс

Сөз ------------------- Сөз тіркесі ---------- Орысша
ақ --------------------- ақ қар --------------- белый снег
суық
денелі
соқыр - мылқау

Ү. Қорытынды
1. Абай Құнанбаев туралы не білдік?
2. 2. Қай жерде дүниеге келген?
3. Кімдердің шығармаларын аударды?
4. Табиғатқа арнап қандай өлеңдер жазған?
5. Қандай өлеңімен таныстық?
6. Қыс қандай?
ҮІ. Үйге тапсырма
А. Құнанбаев “Қыс” өлеңін жаттап кел
ҮІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×